• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 03 Тамыз, 2021

Жылағаннан не пайда?!.

436 рет
көрсетілді

Бокстан алғашқы чемпиондар белгілі бола бастады. Өкініштісі, 2004 жылдан бері «қазақтың салмағы» аталып келген 69 кило салмақта Рониэль Иглесиас Куба құрамасына алғашқы алтынды алып берді. Ал 57 килода бақ сынаған Сена Айридің жетістігі, тіпті керемет. Ол қыздар арасында Жапония тарихында тұңғыш рет бокстан Олимпиада чемпионы атанды. Қырғызстан балуандары кеше екі бірдей (1 күміс, 1 қола) медальға қол жеткізді.

Кешегі Олимпиада күні бокс­­шыларымыз үшін сәтті бас­­талды деу қиын. Бұған дейін аса ауыр салмақ дәре­же­сінде жұдырықтасқан Қам­шыбек Қоңқабаев жартылай финалға жолдама ал­ғаны белгілі. Енді медаль ала­тындардың қатарына тек Сәкен Бибосынов қана қо­сыл­ды. Ал Зәкір Сафиуллин өз мүмкіндігін жіберіп алды. Рио Олимпиадасында үш алтын медаль жеңіп алған Өз­бекс­тан құрамасының жартылай финалда бір ғана бокс­шысы қалғанын ескерсек, қа­­зақстандықтардың жеткен же­тіс­тігі қанағаттанарлық деу­ге болады.

52 килода бақ сынаған Сә­кен Бибосынов ширек финалда испаниялық Габриэль Эско­бармен кездесіп, өте тартысты өткен жекпе-жекте 3:2 есе­бімен жеңісті жұлып ал­ды. Ал 63 килоға дейінгі сал­мақта Қазақстан намысын қор­ғаған Зәкір Сафиуллиннің жолы бол­мады. Зәкір 1/4 финал­да аустралиялық Гарри Гарсайдпен жұ­дырықтасып, 2:3 есебімен жеңілді. Кездесуден кейін жер­лесіміз рингті босатпай, тіпті қызыл бұрышты рұқсат етіл­меген әдіспен теуіп те жіберді. Зәкірді журналистер қауымы бірер сөзге тартпақ болып едік, ол көз жасына ерік беріп кете барды. Алайда жылағаннан не пайда?! Барлық күш-жігерін рингте жекпе-жекте көрсету керек еді...

Бұл додада грек-рим ше­берлері де сенімді ақтамады. Қа­зақстан құрамасы үшін Токио Олимпиадасы сәтсіз аяқ­­талды. Кеше ел намысын қорғаған Нұрсұлтан Тұрсынов 87 кило салмақ дәрежесінде белдесті. Германиялық Денис Куд­ламен өткен белдесу 4:1 есебімен неміс спортшысының пайдасына шешілді. Белдесу аяқталғаннан кейін бас бапкер Бақтияр Байсейітов бұл жолы да төрешілер шешімімен келіспейтінін жеткізді.

Ерлер арасында 1000 метр қашықтық бойынша В финалында сынға түскен Сергей мен Тимофей Емельяновтар тиісті қашықтықты 3:32.873 уақытта бағындырып, өз тобында төртінші болды. Дәл осындай көрсеткішпен ағайынды Емельяновтар жарысты жалпы қорытынды бойынша 12-орынмен аяқтады.

Көптің үміті болған гимнаст Милад Карими гимнастикалық керме снарядында сынға түскен болатын. Іріктеу кезеңі Милад үшін жап-жақсы басталып еді. Аталған жаттығу бойынша ол екінші орында тұрды. Қуанып та қалып едік. Қазақстандық спортшының бағдарламасы ең қиын бағдарламалар қатарына кіргендіктен, оны жасау екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондай үлкен тәуекелге барған Милад келесі жаттығуды орындау барысында екі рет құлап, ұпайы төмендей берді. Ол 11,266 ұпаймен сегізінші орынды қа­нағат тұтты. Гимнастикалық кермедегі жаттығуда жапо­ния­лық Даико Хасимито (15,066) чемпион атанса, екінші орынды хорватиялық Тино Србич (14,900) иеленді, үздік үштікті ресейлік Никита Нагорный (14,533) тү­йіндеді.

Сонымен қатар әртіс­тік жү­зуден Қазақстан коман­да­сының мүшелері Екате­рина және Алек­сандра Не­мич Олимпия ойындарын аяқтады. Техникалық бағ­дарлама қорытындысы бо­йын­ша 83,2338 ұпай жинаған ағайынды Немичтер қоссайыс нәти­жесімен (167,1005 ұпай) 16-орынға тұрақтады.

Спорттық құзға өрмелеуден алғашқы іріктеу сынына қа­тысқан Ришат Хайбулин қос­сайыс нәтижесі бойынша 11-орын­нан көрінді.