• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2021

Жастар қаланы жайқалтады

255 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында жаз айларында жұмыссыз жүрген жастар үшін қаражат табудың жаңа мүмкіндіктері жасалған. Олар қаладағы саябақтар мен алаңдарда жұмыс істеп, қала көшелерін абаттандыру ісіне атсалысып жүр.

Таяуда Қарағанды қаласындағы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қа­тарына тағы да 50 жауынгер қа­был­данды. Ал жаз басынан бері атал­ған ұйым бойынша 320 жас жұмысқа алынған екен.

Қарағанды жастар ресурстық орта­лығының басшысы Сымбат Әубәкірова «Жасыл ел» жұмыс маусымының осыдан тура бір ай бұрын басталғанын айтады.

– Жазғы екі айдың қорытындысы бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы 270 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 27 жас көпбалалы және 17-сі толық емес отбасынан, 5 адам құқық қорғау органдарында есепте тұрғандар есебінен. Олар қалалық саябақтар мен гүл­зарларды абаттандырумен және кө­гал-­

дандырумен айналысып жүр, – деді ол.

«Жасыл ел» жасағы жауынгерлерінің жұмысы тыңғылықты және тындырымды. Олар қаладағы орталық саябақта, «Мәңгілік алау» алаңында, «Жеңіс» саябағында, облыстық мешіт аумағында, триатлон саябағында, «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінің жанындағы гүлзарларда, Н.Назарбаев пен Н.Әбдіров даңғылдары бойында және Абай көшесінде жұмыс істеп, қаланы абаттандыру ісіне өздерінің үлестерін қосып жүр.

Жастардың еңбек жасақтары қыр­күйек айына дейін жұмыс істейтін болады. Еңбексүйгіш өрендер жұмыстан бөлек, түрлі экоквесттерге, челлендждер мен тре­нингтерге де қатысып, жазғы дема­лыс уақытын тиімді пайдалануда.

 

ҚАРАҒАНДЫ