• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2014

Кәсіптік білімді жаңғырту жолында

390 рет
көрсетілді

Орал политехникалық колледжі 2012 жылы  Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту жобасы аясында Институттық даму жоспарын ұсынып,   «Ішкі санитарлық-техникалық қондырғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді құрастыру және пайдалану» мамандығы бойынша грант иеленген облысымыздағы бірден-бір оқу орны.

Орал политехникалық колледжі 2012 жылы  Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту жобасы аясында Институттық даму жоспарын ұсынып,   «Ішкі санитарлық-техникалық қондырғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді құрастыру және пайдалану» мамандығы бойынша грант иеленген облысымыздағы бірден-бір оқу орны.

Аталмыш колледж 1956 жылдан бері Батыс Қазақстан облысында құрылыс саласының мамандарын даярлап келе жатқан тарихы терең оқу ордасы болып табылады. Осы уақыт ішінде мұнда газ-электрмен дәнекерлеуші, құрылыс шебері, автокөлік жөндеуші слесарь, кранды автокөлік машинисі, электрмонтаждаушы, сылақшы, сырлаушы, әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері, техник-құрылысшы мамандықтарының қыр-сырын игерген 13 000-нан астам жас түлектер үлкен өмірге жолдама алды.

Колледжде бүгінгі таңда 750 оқушыға 42 оқытушы мен 28 өндірістік оқыту шеберлерінен тұратын инженер-педагогикалық қызметкерлер білім беруде. Бәсекеге қабілетті маман даярлау үшін колледжде барлық жағдай жасалған. 25 оқу кабинеті, 7 өндірістік оқу шеберханасы, 2 зертхана соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Институттық даму жоспарын жүзеге асыру мақсатында колледжде электр-газбен дәнекерлеуші зертханасы жабдықталды және жаңа технологиялы пісіру аппараттары, ЛСД панель, мультимедиялық мінбер, компьютерлер алынып, колледждің материалдық-техникалық базасы да нығая түсті. Осы жылдың қараша айында Жоба аясында осы оқу орнының әдіскері, 2 арнайы пән оқытушысы және 2 өндірістік оқу шебері Астана қаласындағы «Тұран-Профи» халықаралық кәсіптік академия­сы арқылы Беларусь Республикасының Минск қаласына барып, «Құзыреттілікке бағытталған модульдік оқу бағдарламаларын құрастыру» тақырыбында біліктілік арттыру курсынан өтіп келді және грант иеленген «Ішкі санитарлық-техникалық қондырғыларды, желдеткіштерді және инженерлік жүйелерді құрастыру және пайдалану» мамандығы бойынша модульдік оқу бағдарламаларын жасауды жалғастыруда.

Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту жобасы колледждің болашағының жарқын болуының алғышарты деуге болады. Өйткені, Институттық даму жоспарындағы біздің басты мақсатымыз – бәсекеге қабілетті білікті маман даярлайтын аймақтағы жетекші оқу орны дәрежесіне жету. Ал мақсат айқын болса, алар асу да алыс емес екендігі анық.

Г.ТУРЕШОВА,

Орал политехникалық колледжі әдіскері.

Батыс Қазақстан облысы. 

Соңғы жаңалықтар