• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Тамыз, 2021

Тұрғын үй құрылысы тоқтамайды

875 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік алған 30 жылда Қазақстанда 169 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынды. Осының нәтижесінде 1,5 млн адам тұрғын үй жағдайын жақсартты. Бұл – елдегі құрылыс саласының ерекше қарқын алғанының айғағы.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 18 жылда бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткіші 34 пайызға өсіп, 21,9 шаршы метрге жетті. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру басталғалы бері, яғни 2017-2020 жылдары 52 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл дегеніміз – 470 мың тұрғын үй. Биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Яғни 163,1 мың тұрғын үй салынбақ.

Бүгінге дейін тұрғын үй құры­­лысына 3,6 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды. Оның 864 млрд теңгесі – мем­лекеттік инвестиция. Мем­ле­кет­тің 1 теңгесіне жеке инвес­тор­лардан 6 теңге тартылды.

Халықты жайлы өмірмен қам­тамасыз ету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық сек­торын және тұрғын үй қо­рын жаңғырту бойынша 132,9 млрд теңгеге 572 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, 8 мыңнан аса жұмыс орны құ­рылды. Үкіметтің мақсаты – 2030 жылға қарай дамыған ел­­­дер­дің деңгейіне жету және тұр­­­ғын үйді іске қосу көлемін тө­­мендетпеу.

Жыл сайынғы өсу дина­мика­сын 8-10 пайыз шегінде сақ­­тау көзделіп отыр. Бұл үшін жап­пай тұрғын үй құрылысы са­лынатын аудандарды ин­же­­нер­лік коммуникациялармен қамту, сондай-ақ халыққа және құрылыс салушыларға жеңілдетілген несиелер беру жоспарланған. Мақсат – халық пен бизнесті тұрғын үй құры­лы­сымен айналысуға ынталандыру. Бұл жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қолдаудың не­гіз­­гі шаралары халықтың көп бө­лігіне қолжетімді тұрғын үй салуға бағытталған. Негізінен тұрақты табысы жоқ халықтың әлеуметтік осал санаттарын сатып алу құқығынсыз ком­мунал­дық жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген. Бұл са­­натқа мүгедектер, жетім ба­ла­­лар, көпбалалы отбасылар, сондай-ақ ірі мегаполистерде жұмыс істейтін жастар жатады. Халықтың өзге топтары үшін ипотекалық өнімдер, тұр­ғын үй құрылыс жинақтары және үлестік құрылыс тетіктері қа­рас­тырылған.

2018 жылы республикада көпшілікке қолжетімді «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама ипо­те­калық несиелеуді дамы­ту­дың катализаторына айналды.

Сапалы коммуналдық қыз­меттерді, тиімді басқару жүйе­сін ұсыну, азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, энер­гия тұрғысынан тиімді және ресурс үнемдейтін техноло­гия­ларды қолдану маңызды бо­лып қала бермек. Заманауи тех­нологиялардың көмегімен са­лынып жатқан тұрғын үйдің са­пасына қойылатын талаптар және оларды зияткерлік басқару жүйелерімен жарақтандыруға айрықша мән берілуде.