• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Қаңтар, 2014

Елшіге елеулі үлесі үшін алғыс

291 рет
көрсетілді

Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин­нің Қазақстандағы дип­ло­ма­тиялық миссиясының аяқталуына байланысты Чех Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Бедржих Копецки­мен кездесуі өтті, деп ха­бар­лады Қазақстан Прези­дентінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшы ынты­мақтастыққа және қазақ-чех қарым-қатынастарын ны­ғайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Чехия елшісіне алғыс айтты.

М.Тәжин екі елдің өзекті халықаралық мәселелер жө­нінде ұстанымдары ұқ­сас­тығын, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық аясын кеңейту жөніндегі жаңа базалық келісімді әзірлеуге орай екіжақты байланыстарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға алғышарттардың бар екенін айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Че­хия арасындағы сауда-экономикалық, саяси және мә­дени-гуманитарлық ынты­мақтастықтың оң ахуалы мен перспективаларын қана­ғат­танарлықпен атап өтті.

Соңғы жаңалықтар