КХДР басшысы Ким Чен Ын өзінің қарындасы Ким Е Чжонды Корея еңбек партиясының (КЕП) бас қаржы үлестірушісі лауазымына тағайындады. Бұл қызметті бұған дейін өткен жылдың желтоқсанында жазаланған Ким Чен Ынның жездесі Чан Сон Тхэк атқарған еді. Бұл туралы Ras.kz хабарлады.
Оңтүстік Кореяның «Чосон ильбо» газетінің ақпары бойынша, оған КЕП-тің 54-ші бөлімі деп аталып жүрген органды қайта құру тапсырылыпты. Әуелде бұл бөлім Корей халық армиясы қарамағында болған екен. Ал 2012 жылы Чан Сон Тхэк оны өзінің егелігіне алған.
КХДР лидерінің қарындасы сонымен қатар Тэсон, Одақтасу және даму банктерінде басшылық ететін болады. Сондай-ақ ол бірнеше туристік және темір жол жобаларын басқаруды өз қолына алып отыр.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Ras.kz
Фото: Korrespondent.net