• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 10 Тамыз, 2021

Коронавирустың саяси сабағы

1668 рет
көрсетілді

ЧИКАГО. Егер бір залым жануарлардың түрлерін жою үшін әмбебап вирус жасап шығарғысы келсе, онда таралу қарқыны жоғары, өлімге әкелу ықтималдылығы мол түрін құрастырар еді. Бірақ адамзатты жою үшін ондай залым адамдардың жеке әре­кетін (пандемиямен күресу үшін жеткіліксіз) ғана емес, ұжым­дық күш-жігерді де бейтараптандыруға қабілетті вирус жасау­ға тиіс. Өте тиімді құрастырылған аса қауіпті вирус осылайша ұжымдық шешім қабылдауымыздың тиімсіздігін пайдалана алады. Бірақ бұған SARS-CoV-2 вирусы қол жеткізген секілді. 

Егер біз ақылды шешімге сенбесек, онда зұлымдыққа да сен­беуіміз керек. Осы орайда, Дар­виннің эволюция теория­сы аман қалуға талпыну вирус­тар­дың қауіпті түрін тудыратынын айтады. Бұған дейін көптеген жаңа вирус жануарлардан адамға жұқты, бірақ соңғы 100 жылда SARS-CoV-2 секілді ешқайсысы жойқын болған емес.

Иә, Covid-19 Эболаға қара­ған­да өлім аз болғанымен және суық тию секілді тым жұқ­палы емес. Құрбандық қар­қыны жоғары Таяу Шығыс респи­ра­торлық синдромы (MERS) алғаш рет 2012 жылы шыққанда бірнеше ай ішінде таралып, жойылып бітті. Ендеше, неліктен Covid-19-ды игеру соншалықты қиын?  Өйткені, вирус біздегі институттардың әлсіздіктерін тиімді пайдаланады. Сондай-ақ келешекте төніп тұрған қатер­лер­мен күресу үшін нені түзету қажет екеніне көрсетіп, адамзатқа сабақ болмақ.

Біріншіден, коронавирус­тың экспоненциялық тарауы демо­кра­тиялық институттардың реак­тивті сипатының әлсіз тұ­сын аңғартады. Дәл сол секілді Жа­по­нияның Перл-Харборға ша­буылы АҚШ-ты Екінші дүние­жүзілік соғысқа араластырды, Brothers-тың күйреуі АҚШ үкі­метін жаһандық қаржылық дағ­дарысқа қарсы әрекет етуге жұ­мыл­дырды. Уинстон Черчилль айт­ты делінетін «америкалықтар егер басқа мүмкіндіктер таусылса, әрқашан дұрыс нәрсені жасайтынына сенемін» деген сөзі еске түседі.

Мұндай стратегия қалыпты жағдайда жақсы жұмыс істейді, бірақ экспоненциялық жағдайда өте қауіпті. Өйткені алдын алу шарасы кешіктірілген кезде «дұрыс нәрсені» жасау әлдеқайда қиын болуы мүмкін. Егер әлемдегі бүкіл вирус бақыланбаса, экс­поненциялы түрде өсуге бейім. Covid-19 вирусының симптомсыз және симптомды түрде таралуы оны емдеуді қиындатты.

Қиын, бірақ мүмкін. Қазіргі уақытта бізде адамдардың қоз­ға­лысы мен қарым-қатынасын қа­да­ғалайтын технология бар. Бірақ либералды демократия оны қолданғысы келмейді. Жақында католиктік бағыттағы медиа-сайт ұялы телефондардағы қолжетім­ді коммерциялық деректерді қолдану арқылы жоғары дәрежелі діни қызметкердің сексуалдық қылмысын әшкереледі. Google мен Facebook өз жарнамаларын көрсету үшін кез келген нәрсені жасай алады. Алайда демокра­тия­­да өмірді құтқару үшін дәл сол технологиялар жоқ секілді

Covid-19-дың халыққа әр­түрлі әсер етуі вирусты тарат­пау­дағы саяси шешімдерді әлсі­ретуде өте тиімді. Егер өлім-жітім деңгейі түрлі жас топтарын­да бірдей деңгей көрсетсе, ұжым­дық жауап беру де оңайлар еді. Бірақ олай емес. «Дельта» нұсқа­сы шыққанға дейін жиырма жас­тағылар үшін коронавирус­тан өлгеннен гөрі найзағай тү­сіп қаза табу ықтималдығы жоғары еді. Керісінше, 90-ға жақында­ған­­дар­да Covid-19 өлім-жітімі ше­шек­­тен қайтыс болатындармен шамалас.

Пандемияға қарсы жаппай тиім­ді қарсы тұру ортақ мә­мі­лені қажет етеді. Мысалы, 1930 жылдары New Deal әл-ауқат бағдарламасынан пайда көр­ген америкалықтар Екінші дүние­жүзілік соғысқа еріктілер ретінде жазылуға дайын еді. Бірақ қазіргі жастардың көбі өздерін экономикада шеттетілгендей сезінеді және олардың жағдайына аға буын жауапты деп санайды. Ендеше, олар өміріндегі ең ғажап кезеңін қарияларды қорғап қалу үшін құрбан етуге құлшыныс танытпауына таңғалуымыз керек пе?

Азиядағы ұжымшыл қоғам­дар пандемияның бірінші кезеңі­мен күресте Батыс ел­дері­не қарағанда әлдеқайда жақсы нәтиже көрсет­кенімен, олар Covid-19 вакци­наларының жеткі­лікті мөл­шерін әзірлеп, қамтама­сыз ете алма­ды. Бұл вакцинаның дамуы сая­си институттарға емес, ғылы­ми мүм­­­­­кіндіктерге байланыс­ты еке­­­­нін көрсетеді. АҚШ, Ұлы­бри­­­­тания, Германия және Қытай секіл­­ді мемлекеттерді қо­са алған­да, ғылыми тұрғыдан ең да­мы­ған елдер вакцинаны зерт­теу мен әзір­леуде алдыңғы қатар­дан көрін­­гені таңғаларлық емес.

Covid-19 вирусының симп­том­сыз таралуы мен демография­лық топтар арасындағы әртүрлі өлім-жітім – онсыз да қауіпті жағ­дай. Бірақ мәселе Батыстың бұ­зыл­ған медиа жүйесінің салдарынан күрделеніп, шатастырып бітті.

АҚШ-қа келген шетелдік тың­шы вирус туралы жалған қауе­сет пен дақпыртты мұнша­лықты таратып, жақсы жұмыс істей алмас еді. Әсіресе, пандемияның алғашқы кезеңінде, ұжымдық жауап қатты қажет кезде. «Бұл – тек тұмау ғана» деген сөзді қанша рет естідік? Оның үстіне, бұл сөз тек әлеуметтік желіде ғана айтылмады. 2020 жылғы 26 ақ­панда Ухань қаласында локдаун жарияланғаннан кейін бір ай өткен соң, American Medical Association  журналы корона­ви­рус­­ты тұмаумен салыстырды. Ұлыбритания премьер-ми­­нистрі Борис Джонсонның бұ­рынғы бас кеңесшісі Доминик Каммингспеннің жақында берген сұхбатында анықталғандай, бұл жалған ақпарат жоғары деңгейде шешім қабылдауды нашарлатқан.

Коронавирустың жиі мута­цияға ұшырауы пандемиядан құ­тылу үшін қолданыстағы вак­циналарды жеткіліксіз етуі мүм­кін. Үндістан үкіметінің ви­рустың таралуына жол бермеу әрекеті (немесе оның болмауы) бұл елге де, бүкіл әлемге де қатты әсер етті. Егер АҚШ ортақ әрекет жасауға қиналса, Біріккен Ұлттар Ұйымының деңгейінде жауап беру де мүмкін емес сияқты.

Сауда мен байланыс қазір жаһандық болуы мүмкін, бірақ басқару ондай емес. Егер жаһан­дық экономикада өмір сүру­ді жалғастырғымыз келсе, жаһан­дық басқарудың тиімді жүйесін дамыту қажет.

Бұл коронавирустың ең үлкен сабағы болуға тиіс. Жаһан­дық экономика жергілікті мәселе­лерді жаһандық етеді. Егер біз бұл пандемияны жеңе алсақ та, мін­детті түрде екіншісін немесе климат­тың өзгеруі сияқты экспонен­циялық, түрліше әсер беретін және жаһандық шешімдерді қажет ететін басқа мәселелерді шеше алмауымыз мүмкін. Егер бұ­дан сабақ алмасақ, жойылып кетуі­міз әбден ықтимал.

Луиджи ЗИНГАЛЕС,

Чикаго университетінің қаржы профессоры және Capitalisn’t подкастының жүргізушісі

Copyright: Project Syndicate, 2021.

www.project-syndicate.org