• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2021

Тоғыз жасар чемпион

234 рет
көрсетілді

Теміртау қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте оқитын тоғыз жастағы Нұрайым Сайдулла тоғызқұмалақтан Қазақстан чемпионатында топ жарды. Семей қаласында өткен турнирде үш сын бойынша өнер көрсеткен ол алтын, күміс және қола жүлделерге қол жеткізді.

– Чемпионатта мен жарыстың үш түрі бойынша күш сынадым. Классикалық сын тоғыз турдан тұрды. Тоғыз қарсыласымның бәрін де жеңдім. Екінші рапид деп аталатын түр бойынша өткен тоғыз раундтың алтауында жеңіске жетіп, қола жүлде алдым. Ал соңғы – блиц сынында жеті рет жеңіске жеттім, – дейді балғын чемпион.

Осы табыстан соң жас тоғыз­құмалақшыға «Қазақстан Республикасының спорт шебе­ріне үміткер» атағы берілді. Жал­пы, Нұрайым Сайдулла спорт­тың бұл түрімен бес жылдан бері айналысып келеді. Ол оқи­тын мектепте тоғызқұмалақ ойыны мектеп бағдарламасына енгізілген.

Тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Әкім Сайдулла атал­ған спорт түрі балалардың ойлау жүйесін дамытып қана қоймай, оларды математикалық есепте де жүйрік болуға баулитынын айтады.

– Жыл сайын бірінші сы­ныпқа 60 оқушы келеді. Со­лар­­дың бәріне тоғызқұмалақ ойы­нын үйретеміз. Мектеп бас­шылығы мұндай үрдісті ұдайы қолдап отырады. Мекте­бімізде оқушылар үзіліс кезінің өзінде тоғызқұмалақ ойнап жатады, – дейді ол.

 

Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы