• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Тамыз, 2021

Облыс орталығының дамуы ойдағыдай ма?

282 рет
көрсетілді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыс орталығы – Талдықорғанды көркейту жұмыстары бо­йынша өткен жиында облыс орталығын абаттандыру жұмысын қатаң сынады.

Аймақ басшысы қаланы аралап көргенін, ағаштардың дер кезінде суғарылмайтынын, арықтардың да уақтылы тазаланбайтынын айтты. Жиында облыс әкімі қала мектептерінің өз аулаларына күтім жасауды естен шығармауы тиіс екенін айтты. Сол сияқты әр мектеп балаларды қабылдауға да­йын болуы тиіс. Оған қоса күрделі жөндеу жасалып жатқан мектептердегі құрылыс жұмыстары кестеге сай аяқталып, мектептер оқуға сақадай-сай болуы керектігін тиісті сала басшыларына қатаң ескертті.

– Талдықорған – шағын қала. Тап-таза, жап-жасыл қала етіп ұстауға болады ғой. Талдықорғанда негізгі дейтін үлкен үш көше бар. Соның өзін әлі ретке келтіре алмай жүрсіңдер. Қаншама қажетті техника сатып әпердік, қаншама штат бердік, соның нәтижесі неге жоқ? Әркім жұмысын жанашырлықпен жасауы керек. Сонда ғана жұмыс жемісті болады. Қалада күнделікті жаяу жүрсеңдер, қай жерде не кемшілік барын көрер едіңдер. Бір ай уақыт беремін. Қыркүйекте қаланы өзім аралаймын. Соған дейін қаланың көркейту жұмыстарын сәулет, құрылыс және басқа да тиісті мекемелер бірлесіп қалпына келтіруді талап етемін, – деді жиында Амандық Баталов.

Сондай-ақ ол дәрігерлерге арнап қойылатын ескерткіштің орнын әзірлеу мен маңайын ретке келтіру, сол сияқты жабық жүзу бассейнінің абаттандыру жұмыстарының баяу жүріп жатқанын да сынға алды.