• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Коронавирус 16 Тамыз, 2021

Дертті вакцина ғана тоқтата алады

196 рет
көрсетілді

Кеңес Одағы кезінен бері қаншама вакциналау процесін көрдім, басы-қасында да болдым. Бірақ алыпқашпа әңгімелер, видеолар, аудиолар мен жалған хабарламалар тараған кез есімде жоқ. Қазіргі жағдай басқаша. Тап қазір адамзаттың бас амандығы вакцинаға тәуелді болып тұр.

Бұл дауасыз дертті тек вакцинамен ғана тоқтата аламыз. Осы мәселені ендігі жерде тал­қы­­лаудың өзі артық. Адам­зат­тың коронавирусты зерт­тей бастағанына 1,5 жылдан енді асса да, генетикалық құ­ры­­лымы, шифрі құпияларының жұм­бағы енді анықталды. Қалай күре­су­ге, алдын алуға бола­тыны да бел­гілі. Обыр ісігі немесе АИТВ вирусымен салыс­тыр­ған­­да, коронавирустың өмір­шең емес­тігі, оның адам ағза­сына қо­нақ­тайтын уақыты шама­мен 3 апта екені де ғылыми негіз­де жүйеленіп, халықаралық ғы­лыми ынтымақтастықтың, үлкен қаржылық және адами ре­сурс­тар­дың нәтижесінде өн­ді­ріс­тік айналымға жіберілді.

Бізде вакцинаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы ғылыми және клиникалық деректер жет­кілікті. Ауырған және вак­ци­на­­ның толық курсынан өткен адамдар КВИ-ге қарсы ең жақ­сы иммундық қорғанысқа ие екендігі айтылып жатыр. Ақпан айында жаппай вакцина басталған кезде медицина қызметкерлері вакцинаға алаңдаушылық біл­дірді. Кейін­нен көп елдерде жанама әсер болмағанын көрді. Қазір адам­дардың сенімі пайда болды. Бұл ел арасында алыпқашпа қауесеттен туған негізсіз әңгіме­лерге нүкте қоюы тиіс еді. Бірақ олай болмай тұр. Індеттің алғашқы кезеңдерінде инфекция егде адамдарға аса қауіпті деген пікір басым еді. Қазір коронавирус күн өткен сайын жасарып барады.Тіпті бесіктегі бөбектерден де дерт белгісі табылғаны – қауіптің басы. Дертті вакцина ғана тоқтата алатыны, бұдан басқа жол жоқ екенін түсінетін кез жетті.

 

Абайдулла ЖАПАРОВ,

Қазақстаннның «Алтын скальпелі» атағының иегері,

Алматы қалалық №5 клиникалық ауруханасы жақ-бет хирургия бөлімінің меңгерушісі