Батыс Қазақстан облысына кеше Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, вакцина 18 жастан асқан ересек адамдарға арналған.
Вакцина емханаларға таратылады. Күні бүгінге дейін облыста 184 390 адам коронавирус вакцинасының бірінші, 141 782-сі екінші компонентімен егілді. Соның ішінде 9 426-сы - медицина қызметкерлері, 15 631-і - педагогтер (99,5 пайыз), 4 392-сі - құқық қорғау органдарының өкілдері (88,8 пайыз), 1 287-сі - медициналық-әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінде жұмыс істейтіндер.
Өңірде тұрғындарды вакцинациялау одан әрі жалғасуда.