• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Тамыз, 2021

Илон Маск – Қарағандыда

219 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында су­ретші Шыңғыс Қасымов және оның командасы Қарағанды құю-машина жасау зауыты ғима­ратының қабырғаларына Қаныш Сәтбаев пен Илон Маск­тің порт­реттерін салды.

Кәсіпорындағы металл құ­рыл­ғылары өндірісінің же­текшісі Ұлан Әбеков бұл муралдар­дың фило­со­фия­лық терең мәнге ие екендігін және олардың за­уыт­­тың 80 жылдық мерейтойына арналғанын атап өтті.

Оның айтуынша, қазақ ме­тал­лургиясы­ның негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың жарқын бей­несі жөндеу шеберханалары­нан бастап күрделі құю және машина жасау өндірісіне дейінгі зауыттың жүріп өткен жолынан образды түрде сыр шертеді. Ал Илон Маск болса, қиял-ғажайып болашақтың символы, кәсіпорын оның соны идеялары мен игі істе­ріне қарап бағыт-бағдар алады.

– Қаныш Сәтбаев – қазақ хал­қы­ның нағыз патриоты. Ұлтын сүйген ұлы адамның муралы біз­ді рухтандырады. Әйгілі ға­лымның жүріп өткен өмір жолы біз үшін, ұрпақ үшін мәң­гі үлгі. Ал муралдың екінші ке­йіп­кері – Илон Маск армандар­ды шындыққа айналдырып, болашақты жақындата алатын сирек адамдардың қатарына жа­тады. Ол – біздің кәсіпорын ұмты­латын прогрестің тірі бейнесі, – дейді Ұлан Әбеков. Суретші Шыңғыс Қасымов пен оның командасы муралдарды екі апта уақыттың ішінде салып шықты.

 

ҚАРАҒАНДЫ