• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Тамыз, 2021

Нұр-Сұлтан - Лондон әуе рейсі қайта жанданды

166 рет
көрсетілді

2021 жылдың 18 қыркүйегінен бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Хитроу халықаралық әуежайына тікелей рейстер басталады, деп жазады Egemen.kz.

«Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақтар Ұлыбританияға аптасына екі рет сәрсенбі мен сенбі күндері ұшады. Нұр-Сұлтан - Лондон рейсінің ұзақтығы 7 сағат 15 минут, ал кері бағытта - 6 сағат 30 минут.

Рейстер A321LR ұзақ қашықтықтағы әуе лайнерінде орындалады. Негізгі эконом-класс тарифі барлық салықтарды қосқанда екі бағыт бойынша 284 535 теңгеден басталады.

«Ұлыбританияға баратын жолаушыларда вакцинация мәртебесі мен азаматтығына қарамастан, коронавирус инфекциясына ПТР-тесті теріс болуы керек. ПТР сынағы ұшудан үш күн бұрын жүргізілуі тиіс. Жолаушылар Ұлыбритания талаптарын қатаң сақтауға міндетті»,  деп хабарлады әуе тасымалдаушысы.