• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Тамыз, 2021

Әртістерді күшпен ұстап тұра алмайсың...

501 рет
көрсетілді

Сәбит Мұқанов атындағы об­лыстық қазақ сазды-драма театрынан тағы да шу шық­ты. Өнер ұжымының алты бір­дей бел­­гілі әртісі жұмыстан шы­ғамыз деп арыз жазған.

Өйткені жастары қырыққа аяқ бас­қан, балалы-шағалы, алды 12-13 жылдан осы жерде қызмет етіп жүрген өнер ие­лерінің әлі күнге тұрғын үй мәсе­лесі түп­кілікті шешілмеген. Осылай жү­ре берсе, зейнет жасына да жетіп, баспана­сыз қалатынын ойлап, назаланған өнер­паз­дар жұмыстан кетеміз деп арыз беріпті.

«Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» дегендей, бәрі осыдан 11 жыл бұрын жергілікті әкімдіктің өз мін­детін шала атқарып, артын шулатып кеткен жосықсыздығынан болып отыр.

Петропавл қаласының солтүстік шетіндегі 19-шы шағын аудан­ның Жуков көшесінде сонау Кеңес Ода­ғының соңында басталып, өтпелі кезең­дегі экономикалық дағдарыс жыл­­­дарында аяқталмай қалған 80 пә­тер­лік бір үйдің қаңқасы бар еді. Сол үйді жаңғыртуды 2008 жылы об­лыс басшылығы қолға алып, облыс­тық бюджеттен 300 млн теңге қара­жат бөлдіріп, «Вант» мердігерлік ұйы­мына құрылыс жүргіздірген. Өңірде ме­ди­циналық қызметкерлердің жетіспеу­шілігі көп болғандықтан, оларды қол­дау мақсатымен бұл үй «Дәрігерлер үйі» болады деп жарияланған.

Міне, осы «Дәрігерлер үйінен» Солтүстік Қазақстан облысының сол кездегі әкімі 2010 жылы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры­ның баспанасыз жүрген белді әртістері­не алқалаған жұрттың көз алдында, театрдың 10 жылдық мерейтойына орай 1 бөлмелі 4 пәтердің кілтін тапсырады. Оларға Болат Абдрахманов, Бибігүл Жағыпарова, Асылхан Разиев және Гүлнәз Ғайнулина ие болды. Ал театрда 10 жыл бойы еңбек сіңірген, балалы-шағалы Нартай Сәрсенбаев пен белгілі әнші Жанат Айтбаевқа басқа үйлерден 3 бөлмелік пәтерлер берілген.

Алайда... облыс әкімі кілтті тапсыр­ғанымен, «Дәрігерлер үйінен» театр қызметкерлеріне берілген төрт пәтерге ешқандай құжат берілмепті. Пәтердің мекенжайы мен нөмірі көрсетілген қағаз бен кілтті тапсырған да жүре берген. Бүгінгідей құжатсыз «қурай сынбай­тын» заманда осындай бола ма екен? Болады екен...

Театрдың бүгінгі директоры Біржан Жалғасбаевтың айтуына қарағанда, әр­тіс­тер арада өткен жылдар бойы өздері тұрып жатқан пәтерлеріне қандай да бір құжат алу үшін талай есікті қағып, талай табалдырықты тоздырған. Бірақ ешқандай нәтиже болмаған. Ал об­лыстың Денсаулық сақтау басқармасы «пәтерлерді босатыңдар» деп дігерлеп, өздері бас-көзсіз кіріп алғандай көріп, бұларды пәтерлерінен қууды қол­ға алған. Олардың сүйенгені – үй ведом­с­т­волық тұрғынжай қоры ретінде осы мекеменің балансында тұрғаны ғой.

Бір қызығы, басқа үйлерден 3 бөл­мелі пәтерлер алған Нартай Сәрсенбаев пен Жанат Айтбаев дау-дамайсыз өз бас­­паналарын жекешелендіріп алған. Ал «Дәрігерлер үйінен» 1 бөлмелік пәтер алған Болат Абдрахманов пен Бибі­гүл Жағыпарова 2-3 жылдан ке­йін кетіп, олардың пәтерлері Тұрақ Дүй­­сенбеков пен Нұрбол Асқаровқа бе­ріл­ген. Олар да өнер ұжымында 10 жыл­дай қызмет істегендер.

Сөйтіп, бүгінгі таңда «өзіміз тұра­­тын 1 бөлмелі пәтерімізді жеке­шелен­діруге рұқсат етіңіздер, әйт­песе «ке­тіңдер» деген ар-намысқа тиетін сөз­ді естіп қашанғы жүреміз, қызмет­тен шығамыз» деп арыз беріп отырған алты әртіс – Асылхан Разиев, Гүлнәз бен Марат Ғайнуллиндер, Тұрақ Дұрыс­беков және Нұрбол мен Гүлдана Ас­қаров­тар. Әрине, олар кетіп қалса, театр жабыла қоймас, бірақ облыстың өнер әлеміне көп нұқсан келері сөзсіз. Он­сыз да 2019 жылы дайын болады деген театрдың жаңа ғимаратының құ­рылысы әлі күнге тоқтап тұр. Енді әр­тістері де кет­келі жатыр деген сөз об­лыс­тағы қазақ өнерінің құл­дырауы­нан, оған де­ген көзқарастың сал­қындығы­нан ха­бар берері анық. Үздік мамандар он­сыз да кетіп қалған, толыққанды қо­йы­лымдарға әртістер жетпей жатады. Осыны түсінген әкімдік пен мәде­ниет саласының басшылары өнер ие­леріне мүмкіндігінше жағдай жасауға ұмты­лып отыр. Облыстың Мәдениет басқар­масының басшысы Досбол Әбді­ри­совтің айтуына қарағанда, қазір «Дәрігерлер үйіндегі» төрт отбасының екеуіне 3 бөлмелі пәтерден беру мәсе­лесі қалалық әкімдікпен бірлесіп ше­шілу­де екен. Ал қалған екі отбасына 2-3 ай мерзімінде шешілмек.

Алайда мұндай шешімге әртістер риза болып отырған жоқ. «Аузы күйген үріп ішеді» дегендей, бұған де­йін де үй аласыңдар деген талай жауапты естігеннің бірі – Тұрақ Дұрысбеков оның себебі туралы: «Нақты шешім жоқ және беретін үйлеріңізді айтыңыз­даршы, тым болмаса сыртынан барып көрейік десек, айтпайды. Бұл бізді кезек­ті рет шығарып салу сияқты», дей­ді. Ал дұрыс шешім – қазіргі тұ­рып жатқан 1 бөлмелі пәтерлерін жеке­­ше­лен­діруге рұқсат беру деп са­най­ды ол.  

«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 109-бабының 2-тармағында былай делінген: «Осы заң­да көзделген жағдайларды қоспа­ған­да, мемлекеттiк мекемелердің жұмыс­­керлері мен судьялар, егер олар мем­ле­кеттiк қыз­метте, бюджет­тiк ұйым­дарда, мем­лекет­тік кәсіпорын­дар­да не­месе судья лауазымында (мем­л­екет­тiк сай­лан­балы лауазымда болу мерзi­мiн қо­са алғанда) кемiнде он жыл (жиын­ты­ғын­да) жұмыс iстесе, сондай-ақ ең­бек қа­­ты­­нас­тары мынадай негіздер бойынша:

1) ұйымның таратылуы, қыз­меткер­лер санының немесе штаты­ның қысқар­тылуы бойынша;

2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;

3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мер­зiмiне қарамастан, өздерi тұратын қыз­меттiк тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады».

Демек, кемінде 10 жыл бюджеттік ұйым­дарда қызметтік пәтерде тұрған­дардың оны жекешелендіруге қақысы бар. Ал С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры бюджеттік ұйым екені белгілі. Алайда жоғарыда айтқанымыздай, әртістердің қолында қызметтік пәтер алғаны туралы ешқан­дай құжат жоқ. Бірақ оларға облыс әкімі қызметтік пәтер кілтін тапсыр­ға­нын жүздеген адам көрді, БАҚ жазды, көр­сетті және олар қажет болса, соттың ал­дында куәлік ете алады. Осылардың негі­зінде сот тиісті шешім шығарып, әртіс­те­рдің қызметтік пәтерлерді алға­нын және театрда 10 жылдан аса қыз­мет істегенін ескеріп, оларға жеке­ше­лендіру құқығын беру туралы шешім шы­ғаруы мүмкін. Бұл үшін әртістер білікті адвокат жалдап, сотқа жүгінулері керек.

Әрине, әртістер бір бөлмелі шағын пәтерлерін жекешелендіріп алса, олар­ды дереу сатып, басқа жаққа кетіп қалу­лары мүмкін. Мұның өзі жергі­лік­ті театр көрермендерінің өкіні­шін тудырары анық. Алайда өнер иелерінің заңды құқығын шектеп, күшпен ұстап тұра алмайсың ғой...

 

ПЕТРОПАВЛ