Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) бөлімшелері 12 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға коронавирусқа қарсы вакцинациялау бағдарламасын дайындауға рұқсат алды, деп жазады Egemen.kz.
NHS аймақтық кеңселерінің хабарлауынша, оқушыларға вакцина салу оқу жылының алғашқы апталарына жоспарланған. Бұл үшін ата-аналардың рұқсаты қажет болмайды.
«12-15 жас аралығындағы дені сау балаларға вакцина салу бағдарламасы 6 қыркүйекте басталуы мүмкін. Ұлттық құрама бізден бағдарлама туралы қосымша егжей-тегжейлі жоспарды тапсыруды сұрауда», деп жазылған NHS өкілдігінің хабарламасында.
The Telegraph газетінің жазуынша, ведомство жоспарларды жұма күні кешке дейін тапсыруды сұраған. Әсіресе 1 қарашаға дейін осы жас тобындағы балалардың 75%-ына вакцина салуды қалай жоспарлап отырғанын сипаттауы керек.
Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрлігі 12 -15 жас аралығындағы балаларға вакцина салу туралы шешім әлі қабылданбағанын хабарлады.
Pfizer вакцинасы 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат етілген.