Жамбыл облысындағы жарылыстардан қаза тапқандар саны 5-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Айта кетейік, бұған дейін төрт әскери адам қаза тапқаны хабарланған еді. 27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде жатыр.