ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мектеп оқушыларының ата-анасы мен қамқоршысы арасында сауалдама жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауалдама 16-22 тамыз аралығында қашықтан, яғни телефон арқылы өтті. Оған еліміздің барлық аймағынан 1 200 ата-ана қатысты.
Сауалдама нәтижесі бойынша, респонденттердің 35%-ға жуығы мектеп ғимаратына Ashyq қосымшасы арқылы кіру талабын қолдайтынын білдірді.
Ал 19,6% ата-ана баласына екпе салдыруға дайын. Олар вакцина түрін таңдауға мүмкіндік болуын сұрайды.