Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазір апат аумағындағы ахуал Мемлекет басшысының бақылауында. Президентіміздің тапсырмасымен тиісті органдардың басшылары оқиға орнына шұғыл барып, облыс басшылығымен бірлесіп әрекет етуде. Сондай-ақ Байзақ ауданында жедел штаб құрылып, құтқарушылар, әскери қызметшілер, дәрігерлер және басқа да белсенді азаматтар жұмыс істеп жатыр. Өкінішке қарай, қаза тапқандардың бар екені белгілі болды. Опат болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз және апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз», деді М.Әшімбаев.