Бұл туралы италиялық журналист Фабрицио Романо twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Расталды. Криштиану Роналду «Ювентус» клубынан кетуді ұйғарды және клуб басшылығынан оны босатуын сұрады», деп жазды журналист.
Бұл туралы клуб бапкері Массимилиано Аллегри де айтты.
«Криштианумен кеше сөйлестім. Ол «Ювентуста» қалғысы келмейтінін айтты. Бүгін таңғы жаттығуға келмеді», деді ол.