• RUB:
    5.53
  • USD:
    471.46
  • EUR:
    504.79
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Тамыз, 2021

Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтед» клубына ауысты

320 рет
көрсетілді

Португалиялық атақты футболшы Криштиану Роналду туриндік «Ювентустан» «Манчестер Юнайтед» клубына ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. «Үйге қош келдің, @Cristiano», - деп қысқа ғана мәтін жазылған.

Еске салайық, Роналду 2018 жылдан бері туриндік «Ювентус» сапында ойнаған. 36 жастағы португалиялық шабуылшы өткен маусымда 29 гол соғып, Италия чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Роналдудың италиялық клубпен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген еді.