• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Тамыз, 2021

Елорданың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

322 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша тұрғындар мен қала қонақтарына бұқаралық іс-шараларға қатысуға тыйым салынды, деп жазады Egemen.kz.

«Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары келесі талаптарды қатаң сақтауы керек: - бұқаралық іс-шараларға, марафондар, спорттық шараларға, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық, еске алу іс-шараларды үйде өткізуге және оларға қатысуға, сондай-ақ митингілер, шерулер, жиындар және т. б. ұйымдастыруға және қатысуға тыйым салынсын», деп жазылған құжатта.

Қаулы бойынша Ashyq жобасына қатысатын объектілерде еске алуды өткізуге рұқсат етілетіні де айтылған.

Сондай-ақ Ashyq жобасына қатыспайтын боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, PlayStation клубтарына, бильярдқа, караокеге, батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселерге және ойын клубтарына, оның ішінде лотерея ұтыс ойыны, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын-сауық орталықтарына, балалардың ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарға, спорттық объектілерде орналасқандардан мұзды және роликті сырғанақтарға баруға рұқсат етілмейді.

Осы қаулы 2021 жылғы 28 тамызда сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.