• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 01 Қыркүйек, 2021

Тұқым шаруашылығындағы тың шешімдер

956 рет
көрсетілді

Тоқсаныншы жылдардың соңында отандық тұқым шаруашылығының жағдайы өте ауыр болғаны белгілі. Алқаптардың басым бөлігіне сапасыз тұқым егілді, тұқым өндірушілердің ортақ желісі болмады, жоғары репродукциялы тұқым өндіру көлемі өте аз еді. Сол себепті 2000 жылдан бастап мемлекет тұқым шаруашылығы саласының жай-күйін жақсарту жөнінде түбегейлі шаралар қабылдады.

Думан АНАШ,«Egemen Qazaqstan»

Ең алдымен, тұқым нарығына қатысушылардың қызметін реттеу бойынша заңнамалық база әзірленді. Мәселен, 2003 жыл­ғы 8 ақпанда «Тұқым шаруа­шы­лығы туралы» Қазақстан Респуб­ликасының заңы қабыл­данды. Аталған заң тұқым ша­руа­шылығы саласындағы қыз­метті жүзеге асырудың құқық­тық, экономикалық және ұйым­дас­­ты­рушылық негіздерін айқын­дайды, сондай-ақ тұқым шаруашылығы жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі және ауыл ша­руашылығы өсімдіктерінің тұ­қымдарын өндіруді, дайын­дауды, өңдеуді, сақтауды, тасы­малдау­ды, өткізуді және пайдалануды мемлекеттік бақылау мәселелерін реттеуге бағытталған.Қазіргі уақытта республика бойынша 216 аттестатталған тұ­қым өндіруші жұмыс істейді.2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өнді­ру­шілердің егуіне арналған тұқым­дардың сапасын сараптау жөнін­дегі бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, кон­дициялық тұқымдардың үлесі 2001 жылғы 53%-дан 2021 жылы 100%-ға дейін, 1-2 сыныпты тұқымдардың үлесі 37%-дан 90%-ға дейін өсті. Сондай-ақ тұқым шаруашылығын субсидия­лау енгізілді, бұл бастапқы және элиталық тұқым шаруашылығын да­мытуға оң әсер етті, гиб­рид­­тердің тұқымдарын өндіру енгі­зілді. Қабылданған шаралар тұқым шаруашылығы саласындағы өндірістік көрсеткіштердің елеулі өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Мәселен, 2021 жылдың егінінен 121,6 мың тонна элиталық тұқым өндірілді, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 2,6 есе көп (47,1 мың тонна).Отандық өндіріс тұқым­дары­ның сапасын арттырудың негізгі факторы техникалық жарақ­тандыру екенін ескере отырып, тұқым өсіру шаруашылықтарының материалдық-техникалық базасын қайта жарақтандыру жөнінде шаралар қабылданды.2018-2019 жылдары Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының 12 еншілес ұйымы үшін ҰАҒБО жарғылық капиталын ұлғайту жолымен жалпы сомасы 12,2 млрд теңгеге 1 163 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдығы сатып алынды.2019 жылдан бастап инвес­ти­циялық субсидиялау шең­берінде Еуропа елдері өнді­рі­сіндегі селекциялық-тұқым шаруашылығы техникасы мен тұқым тазалау-сұрыптау жаб­дығын сатып алуды субсидиялау (25%) енгізілді, 2020 жылдан бастап ТМД елдері мен Украинаның тұқым тазалау-сұрыптау жабдығын субсидиялау­ды қосу арқылы техника тізбесі кеңейтілді.Қабылданған шаралар өсімдік шаруашылығындағы барлық бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету, сондай-ақ тұқым өсіру шаруашылықтарының бәсекеге қабілетті тұқым өндіруге бағдарлануы нәтижесінде соңғы бес жылда тұқым өндірушілердің егіс техникасымен қамтамасыз етілу пайызының 70%-дан 89,4%-ға дейін, егін жинау – 80%-дан 92%-ға дейін, тұқым тазартқыш 63%-дан 81,4%-ға дейін өскені байқалады. Бұл ретте тұқым өндірушілердің материалдық-техникалық базасын жаңартудың өсу қарқыны соңғы жылдарда арта түсті. Осылайша, республиканың барлық аймағында заманауи тұқым тазарту кешендерімен жабдықталған алдыңғы қатарлы тұқым шаруашылықтары бар. Қазіргі заманғы тұқым тазарту желілері 28 тұқым өндіруші де бар.