• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Білім 01 Қыркүйек, 2021

Қала әкімінің грантын иеленді

716 рет
көрсетілді

Алматыда өткен білім форумы барысында жаңа оқу жылы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қала әкімі Бақытжан Сағынтаев үздік педагогтер мен білім беру ұйымдарын марапаттады.

Олимпиадада сегіз рет озат атанды

Шаһар басшысы алма­тылық оқу­шылар пандемия кезін­дегі қиын­дықтарға қарамастан, үздік нәти­желер көрсеткендігін ерек­ше атап өтті. Оқушылардың білім сайыс­тарын­да көрсеткен үздік нәтижелерін қуаныш­пен атап өткен қала басшы­сы­ның айтуынша, өткен оқу жылын­да республикалық олимпиадаларда қала оқушылары 60 медаль енші­лесе, 33 оқушы Халықаралық бай­қау­­лардың жеңімпазы атанған. Ал Пре­зидент олимпиадасында алматылық оқушылар 8-ші рет озат атанып отыр.

Мегаполис басшысы осы орайда қаланың білім саласына қосқан ерен еңбегі үшін «Еліміздің білім беру­дегі құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі және қала әкімінің «Еңбегі үшін» медалін ұстаздарға табыс етті. Үлгілі мектептерден оза шауып, қала әкімінің грантын жеңіп алған М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназия­сы ұстаздарының еңбегі жоғары бағаланды. Осы орайда аталған ұжым «Ең үздік орта білім беру мекемесі» деп танылып, 34 млн теңге көлеміндегі әкім грантына ие болды.

«Ұстаз еңбегінің өз дәрежесінде ба­ғасын алуы, қадірленуі оларды ерек­ше шабыттандырып, тың идея­ларды жүзеге асыруына үлкен мүм­кіндік тудырады. Осы орайда мемлекет тарапынан ұстаздарға бар­лық жағдай жасалып, қолдау көр­сетіліп келе жатқаны қуантады», деп атап өтті №140 мектеп гимна­зия­сының директоры Сәния Тілеубай.

 

Үмітті ақтаған

үлгілі мектеп

Алматы қаласындағы өнегелі тарихымен ерекшеленетін білім ор­да­ларының бірі – М.Мақатаев атын­дағы №140 гимназияның ірге­тасы 1990 жылы қаланған. Қарлы­ғаш Ұзақова, Мариям Демеуова, Тал­ғат Баймұхамбетов, Әкімжан Сай­лы­баев, Жанас Салпынов сынды білік­ті басшылар басқарған мектепте бүгінде игі бастамалар жалғасын табуда. 2008 жылдың күз айынан бергі аралықта білім ордасына Сәния Тілеубай басшылық етіп келеді. 1996 жылға дейін математика-физика, хи­мия-биология пәндерін тереңде­тіп оқы­тып келген гимназияда 1997 жыл­дан бастап математика, ағыл­шын, физика, қазақ тілі пәндері терең­детіліп оқытылатын сыныптар ашыл­ды. «Тіл өнерінің құдіретін таныған, ойын өлеңмен өріп, күллі жұрттың жүрегіне жол тапқан, ақиық ақын М.Мақатаев атындағы №140 гимназия 30 жылдық тарихында көптеген шәкірттерді «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерін, түрлі байқаудың жеңімпаздарын тәрбиелеп ұшырды. Ширек ғасырдан асқан жылдарда №140 гим­назия кешенді даму жос­парын жасап, талай игі істерге ұйытқы болып келеді», дейді Сәния Өскенбайқызы.

Қазіргі таңда бұл білім ордасы Алматы қаласы бойынша 2015 жылы «Үздік мектеп», 2016 жылы рес­пуб­лика бойынша «Дарынды бала­ларға арналған үздік білім беру ұйы­мы», 2017 жылы қалалық кәсіп­одақ ұйымы ұйымдастырған «Үздік ұжым» атанған, кәсіби шебер ұстаз­дар мен дарынды шәкірттердің құтты мекені. Гимназияның айтулы жетіс­тік­терінде гимназия ди­рек­торы Сәния Тілеубайдың ұйым­дас­тыру ше­бер­лігі, кәсіби білікті­лігі, іскер бас­шы­лы­ғы­ның қолтаң­басы жатыр десек ар­тық айтпаймыз. Дарынды шәкірт тәрбие­леу­ші талантты ұстаздар – қала, рес­пуб­лика көлемінде өткен «Жыл мұ­ғалімі», «Жыл сынып жетекшісі», «Үз­дік оқырман», «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі», «Сөз мерген», «Алтын көмбе», «Үздік авторлық бағдарлама», «Білгірлер бәйгесі», «Тілдарын», «Үз­дік педагог», «Қала әкімі гранты» бай­қау­ларының жүлдегерлері қызмет етеді. Олардың ішінде «Құрмет» ордені­нің, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Үздік қызметкері», «Ы.Ал­тынсарин», «Лидер образования», «Үздік педагог» төсбелгілерінің ие­гер­лері, ҰБТ және оқулық сарап­шы­лары мен ҰБТ сұрақтарын құрас­тыру­шылар, білім сапасын сырттай бақы­лау, оқулықтарды сараптау мен апелля­циялық комиссияларының, көпте­ген әдіс­темелік құралдардың, оқулық­тар­­дың, көмекші құралдардың авторлары да бар.

Мектеп түлектері отандық жо­ғары оқу орындарымен бірге Сло­­ва­­кия­дағы Alexander Dubcek Univer­sity in Trencin, АҚШ-тың Оре­гон штатындағы Юджин қаласын­дағы Lane Community College, Ресей Феде­рациясы, Қазан қаласы, Әлеу­меттік және гуманитарлық білім институты, Игорь Сикорс­кий атын­дағы Киев политехника инс­ти­туты, Украинаның Ұлттық техни­ка­лық университетінің студенттері ата­нып, ұстаздарының мерейін асыруда.

Ал әлемдік пандемия жағдайында жаңа оқу жылында білім сапасын төмендетіп алмауға бар күш-жігерін жұмсап отырған ұжымның мақсаты – терең білімді, озық ойлы, ел ертеңін ойлайтын ұрпақ тәрбиелеу.

 

Digital Ustaz Almaty жеңімпазы Еуропаға барады

Пандемия кезінде қашықтан оқыту тәжірибесі бүгінде мектептерде заманауи технологияларды енгізу мәселесінің өзектілігін көрсетіп отыр. Жаңа технологиялар инновацияшыл білім ордалары үшін сапалы білімге мүмкіндік береді.

Жаңа оқу жылында оңтүстік астанада мұғалімдерді қолдау шараларын жүзе­ге асыру, бірінші кезекте олардың кәсіби шеберлігінің өсуін ынталандыру жұмыс­тары жалғасын табатын болады.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев білім форумы барысында дәстүрлі фор­маттағы жұмысты жаңғырту үшін ма­ңызды міндет­тердің жүзеге аса­тын­дығына тоқталып, педагогика қауым­дастығының назарын аудар­ды. «Н.Назар­баев­тың білім қорымен бірге цифр­лы тех­нологияларды оқыту мен меңгеруді және цифрлы педаго­ги­ка­ның үздік әдістері тәжірибесін үй­ре­тетін Digital Ustaz Almaty жаңа бай­қауы­ның басталғанын хабарлаймыз. Мұға­лімдерді Digital Ustaz Almaty бай­қауына белсенді қатысуға шақыра отырып, олардың біліктіліктерін арт­тыру­мен қатар цифрлы дәуірде жұ­мыс іс­теудің жаңа тәсілдерін зерттеуге қадам жасайтын болады», деп атап өтті.

Digital Ustaz Almaty байқауы 3 ке­зең­де өтеді. Әр кезеңге білім беру са­ла­сындағы жетекші халық­ара­­­лық спи­керлер вебинар­лар мен мас­тер-класс­тардың көш­басшы­лары қа­тыса­­ды. Бай­қау жеңімпаздары үшін баға­лы сый­лықтар қарастырыл­ған. Бі­рін­ші орын иегері білім тағ­лым­­да­масынан өту үшін Лондонға немесе Хельсинкиге барады.

 

АЛМАТЫ