• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғылым 06 Қыркүйек, 2021

Ғалымдардың жалақысы қашан көбейеді?

352 рет
көрсетілді

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева ғалымдардың жалақысы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Отандық ғылымдағы басты мәселелердің бірі - ғалымдар жалақысының тұрақсыздығы. Бүгінде ғалымдар жалақыны тек ғылыми конкурстарға қатысу арқылы ғана алады. Ал конкурстар былтырға дейін 3 жылда 1 рет қана өтіп отырды. Сондықтан да осыған дейін ғалымдар ғылыми институттың қызметкері және ғылыми дәрежесі болса да, байқауда жеңбесе, жалақыдан құр қалатын. Себебі қазіргі заңға сәйкес базалық қаржыландыру көлеміне тек әкімшілік және техникалық қызметкерлердің жалақысы және ғимаратты ұстау шығыны ғана кіреді. Осы жағдайды өзгерту үшін Президент базалық қаражат есебіне жетекші ғылымдардың жалақысын енгізуді тапсырды.

Биылғы Жолдауда ғалымдарға лайықты жалақы төлеу мәселесін шешу тапсырылды. 2020 жылы ғалымдардың орташа жалақысы 152 мың теңгені құрады. Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңға тиісті өзгерістер енгізу үшін Қаржы министрілігімен бірлесіп жұмыс жасап жатырмыз», деді Жанна Құрманғалиева ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.