Теннистен Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінде Қазақстанның бірде-бір өкілі қалмады, деп жазады Egemen.kz.
Аралас жұптар арасындағы сайыста Ярослава Шведова мен франциялық Фабрис Мартен алғашқы екі кездесуде жеңіске жеткенімен, ширек финалда украиналық Даяна Ястремская мен аустралиялық Макс Перселге жол берді – 2:6, 3:6.
Оның алдында ғана Андрей Голубев германиялық Андреас Мьеспен жұптық бәсекенің 1/8 финалында сүрінген еді. Олар Францияның қос ойыншысы – Пьер-Юг Эрбер мен Николя Маюдан айлаларын асыра алмады – 6:4, 5:7, 3:6.
Сөйтіп, жерлестеріміз үшін АҚШ-тың ашық біріншілігі аяқталды.