• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 09 Қыркүйек, 2021

Әлеуметтің әл-ауқаты артады

122 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бір­лігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ең алдымен отан­дастарымыздың әл-ауқатын арттыру мәселесіне мән берді.

«Ең төменгі жалақы деңгейін қайта қарайтын кез келді деп санаймын. Бұл – бір жағынан аса маңызды макроиндикатор бол­са, екінші жағынан – әркім­ге тү­сінікті көрсеткіш. Бізде ең тө­мен­гі жалақы мөлшері 2018 жыл­­­дан бері өскен жоқ. Коро­на­ви­русқа байланысты әлем­дік дағ­дарыс тұрғындардың табы­сына кері әсер етті. Оның үстіне Қазақстан ең төменгі жал­ақы деңгейі бойынша ТМД-ның бірқатар елінен артта қалып қойды», деді Президент.

Осылайша, Мемлекет бас­шы­сы 2022 жылдың 1 қаң­­тары­нан бастап ең төменгі жал­ақы мөл­­шерін 42 500 теңге­ден 60 мың теңгеге дейін көтеру туралы тап­сырма жүк­теді. Президенттің айтуынша, бұл қадам 1 млн-ға жуық отандасымызды тікелей қамтитын болса, еңбек етіп жүр­ген барлық аза­матқа да жанама түрде әсер етеді. Мен бұл ше­шімді то­лық қолдаймын. Се­бе­бі пандемия жағдайы түрлі сала­ға зия­нын тигізіп, көптеген адам жұмыссыз қалған болатын. Кейбір отандастарымыздың жалақы­сы қысқарды. Жығыл­ған­ға жұдырық болып, азық-түлік бағасы да өсіп жатыр. Сондықтан бағалай, түсіне біл­ген адам үшін 60 мың теңге де­ге­ніңіз әжептәуір қаражат. Аз деп те, көп деп те айтуға болмайды.

Әрине, 60 мың теңгенің өзін азсынатын адамдар да болуы мүмкін. Олай ойлау дұрыс емес дер едім. Бұл күн көру үшін көп-көрім қаражат. Мемлекет үшін ең төменгі жалақы мөлшерін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көбейтудің өзі жетістік. COVID-19-дың кесірінен жаһан­дық экономика жақсармай тұр­ған кезде, оның Қазақстанға да әсер ететіні анық. Себебі біз де әлем­нің бір бөлшегіміз. Соған қара­мастан ел Президенті осындай нық қадам жасап отыр. Отан­дас­тарымыздың әл-ауқатын жақ­сартудың жолын ел болып түсі­ніп, Мемлекет басшысының тапсыр­масы жүйелі орындалуы үшін қол­дау көрсетуіміз керек. Сон­да ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Тағы бір айта кетерлігі, ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеге көбейген соң, соны назарға ала отырып, өзге де жалақы­лар жоғарылайды деп се­не­мін. Себебі елімізде ең тө­мен­­гі жалақы мөлшерінен бөлек, орташа жалақы, ең жоға­ры жал­­ақы тағы бар. Яғни ең тө­мен­гі жа­лақы мөлшерінің өс­ке­ні бас­қа да еңбекақы мөл­шері­не оң әсерін тигізеді деген сөз.

Әрине, еліміздегі ең төменгі жалақы деңгейі дамыған елдер­дің көрсеткіштерімен терезе теңестіре алмайды. Алайда Орта­лық Азия елдерімен үзеңгі қағыс­тыра алатыны анық. Сон­дықтан Мемлекет басшысы бұл шешімді дұрыс әлі уақтылы қабылдады деген пікірдемін.

 

Еңлік НҰРҒАЛИЕВА,

«Еуразиялық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор