• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қыркүйек, 2021

Жұмағұловтар жұмылғанда

480 рет
көрсетілді

Бұқар жырау ауданындағы Қара­құдық ауылының тұрғындары өз араларында қаражат жиып, елді мекенге кіре беріске Qaraqudyq – qutty mekenim деген жазуы бар сәулет нысанын орнатты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл шаруаға  жуырда ғана өткен ауыл әкімдері сайлауында халықтың басым дауысымен Қарақұдықтың әкімі болып сайлан­ған Бауыржан Жұмағұлов есімді аза­мат ұйытқы болған екен. 

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Сержан Аймақов жазуды орнату туралы бастаманы жұмыла көтерген Жұмағұловтар отбасына және ауылдың барша тұрғындарына алғыс сезімін жеткізді.

– Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында біздің алды­мызға ауылды қолдау, оны дамыту жөнінде нақты міндеттер қойды. Мұның бәрі бірлескен күш-жігермен іске асуы керек. Ауылды абаттандыру мұнымен бітпейді. Біздің жос­парымызда сауықтыру және спорт орталықтарын салу бар, – деп атап өтті ол.

Ал ауыл әкімінің ағасы, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кең­сесінің басшысы Айтбай Жұмағұ­лов туған ауылына қол ұшын созу әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы екенін айтып, ауылдық жерлерді мекен ететін тұрғындарды мүмкіндігінше игі істер жасауға шақырды.

Қазір Қарақұдық ауылында  700-ге жуық адам тұрады.

 

Қарағанды облысы,

Бұқар жырау ауданы