• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Қыркүйек, 2021

Құрманғалиевтің қоласы

159 рет
көрсетілді

Словенияда үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде қарағандылық Алан Құрманғалиев сәтті өнер көрсетті. Жас талант Еуропа, Азия және Американың 20 елінен келген теннисшілер арасында қола жүлдеге қол жеткізді.

Он бес жастағы біздің тен­нисші алты кездесу өткізіп, соның бесеуінде жеңіске жеткен екен.

Алан Құрманғалиев – 14 жасын­да Қазақстанның чемпионы болып, бұ­ған дейін 15 жасында ең жас жеңімпаз атанған Кирилл Герасименконың ре­кордын жаңартқан талантты тен­нисші.

Еске салар болсақ, Халық­аралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) Hopes Week аясындағы құрлықаралық және әлемдік турнирлердің қоры­тын­дысы бойынша Алан Құрман­ғалиевті 2019 жылдың ең үздік жас­өс­пірім теннисшісі деп та­ны­ған болатын.

 «Ең басты арманым, – дейді ел үстел теннисінің үміті Алан Құрманғалиев, – Олимпия ойын­да­рында жүлдегері атану. Мен осыған бар күшімді саламын».

Дарынды жас үстел тен­ни­сі­мен же­ті жасынан бері айна­лыса­ды. Қазіргі уақыт­та ол Қа­зақ­стан­ның еңбек сіңір­ген жат­­тық­тырушысы Эльмира Әлиева­ның қара­мағын­да жаттығады.

 

ҚАРАҒАНДЫ