Еуропарламент президенті Дэвид Сассоли бүгін Страсбургте өтетін Еуропалық Парламенттің сессиясына төрағалық ете алмайтыны жөніндегі хабар ресми сайтта жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Еуропалық Парламент Төрағасы Дэвид Сассоли сырқатына байланысты бүгінгі пленарлық отырысқа төрағалық етпейді. Медициналық консультациялардан кейін оған демалуға ұсыныс берілді», деді президент Сассолидің баспасөз хатшысы Роберто Куилло.