• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 17 Қыркүйек, 2021

Халыққа арналған басымдықтар көп

150 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының ерекшелігі – оның әлеуметтік бағытта болуы. Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының едәуір бөлігінің өміріне әсер ететін бірқатар бастамаларды атап өтті.

Бірінші бастама аясында ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60000 теңгеге дейін ұлғайту ұсынылды. Ең төменгі жалақы, бұл – кез келген жұмыс істейтін қазақстандыққа, оның еңбегі үшін мүмкін болатын, мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілі. Сонымен қатар мемлекет тарапынан еңбекақы төлеудің төменгі деңгейін белгілеу және барлық жұмыс берушілердің бұл талапты орындауын бақылау жұ­мыс­шылардың еңбекке ақы төлеудің конституциялық құқы­ғын қорғауға, сондай-ақ адал емес жұмыс берушілердің қызметкерлердің еңбегін тиісті төлемсіз пайдалану ниеттерінің бол­дырмауға арналған. Ең төменгі жалақының өсуі Қазақ­станның ішкі тұтыну көлемін ұлғайтады және ІЖӨ өсуіне ықпал етеді.

Екінші және үшінші бас­тамалар аясында Мемлекет бас­шысы бизнесті өз қызмет­керлерінің жалақысын өсіруге ынталандырудың «ұтымды» шараларын әзірлеуді, сондай-ақ бизнеске жиынтық жүкте­мені 34%-дан 25%-ға дейін тө­мендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем ен­гізуді тапсырды. Айта кету керек, қазіргі уақытта қазақ­стан­дық бизнес өз қызмет­кер­лері үшін ай сайын бес төлем төлеуге міндетті, олар әрбір жалақының 34%-ын құ­райды. Атап айтқанда, төлемдер тізіміне жеке табыс салығы, зейнетақы жарнасы, әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жарна, әлеу­меттік медициналық сақтан­дыру қорына аударымдар кіреді. Өз кезегінде, Қазақстан Президентінің еңбекақы төлеу қорынан жүктемені азайту жөніндегі ұсынысы жұмыс берушілердің «көлеңкеден шығуына» ықпал ететін болады. Сонымен бірге, барлық төлемдерді бірыңғай төлемге біріктіру қажетті аударымдарды жүзеге асыру бойынша міндетті айтарлықтай жеңілдетеді.

Төртінші бастама аясында Мемлекет басшысы азамат­тық қызметшілердің жалақы­сын жүйелі түрде арттыруды тапсырды. Айта кету керек, Қазақстанда барлығы 1,2 млн-ға жуық азаматтық қызметші бар. Оның ішінде 600 мың, бұл – педагогтер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер санаты. Тағы 600 мыңға жуық адам – осы уақытқа дейін жалақы көтерілмеген бар­лық қыз­мет са­лаларына ор­тақ жұмыс­шы­лар. Айта кету керек, жол картасын жүзеге асы­ру аясында бүгінгі таңда педа­гог­тердің ор­таша айлық жалақысы 234 мың теңгеге, дәрігер­лер­дің 320 мың теңгесіне, әлеу­­меттік қызметкерлердің 180 мың тең­гесіне, мемлекет­тік қыз­мет­шілердің 267 мың теңгесіне жетті. Енді Президенттің тап­сыр­масына сәйкес, жалақы­ны көтеру мәдениет саласы­ның қызметкерлеріне, мұрағатшы­ларға, кітапханашыларға, тех­ни­ка­лық қызметкерлерге, қо­рық­­шыларға, жүргізушілерге және басқаларға да қатысты бола­ды. Қызметкерлердің осы сана­ты үшін жалақының 2022 жыл­дан 2025 жылға дейін 20%-ға өсуі олардың қаржылық жағ­да­йын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бесінші бастама аясында Мемлекет басшысы тұрғын үй сатып алу бойынша халыққа жеңіл нұсқалар беру бағытындағы жұмысты жал­ғастыруды тапсырды. Атап айтқанда, халықтың тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында кредит беру бағдарламасын күшейту жүргізіледі. Айта кету керек, «Отбасы банктің» жинақ механизмдері азаматтарды түпкі мақсатқа – тұрғын үй несиесін алу үшін депозитке үнемі жарналар аударуға ынталандырады. Кең мағынада, «Отбасы банк» жүйесі арқылы тұрғын үй несиесін беру тұрғындарға алдын ала жоспарлау мәдение­тін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, Мемлекет бас­шысының Жолдау барысында айтылған бастамаларын іске асыру экономиканың теңге­рім­ді өсуін қамтамасыз етуге, адам капиталының деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға және ал­дағы кезеңде Қазақстанның жү­йелі дамуы үшін басқа да ма­ңызды мақсаттарға қол жет­кізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ел Үкіметінің алдында Президенттің Жолдауын іске асыру бойынша қадамдық және егжей-тегжейлі іс-қимыл жос­парын жүзеге асыру мін­деті тұр. Өз кезегінде Парла­мент және мәслихат депутаттары, сондай-ақ жұртшылық Жолдау тармақтарының орын­далуын бақылауды жүзеге асыру қажет.

 

Слямжар АХМЕТЖАРОВ,

Президент жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері