Отбасы күні қарсаңында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров «Бәйтерек» монументінде Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық әкімдігі ұйымдастырған неке қию туралы куәліктерді ұсыну рәсіміне қатысты.
Елорданың белгілі нышаны саналатын «Бәйтерек» монументінде жеті жас жұпқа салтанатты түрде неке қию туралы куәліктері ұсынылды. Отбасы құрған жастар – Нұр-Сұлтан қаласының мұғалімдері, кәсіпкерлері және студенттері. Вице-министр статистика бойынша Қазақстанда некенің ең көп саны күзгі кезеңде тіркелгенін атап өтті. Бұл маусымда қазақстандықтар еліміздегі отбасы мейрамын атап өтеді.
А.Умаров отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер қоғам мен еліміздің негізі, тұлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуының қайнар көзі екендігін атап өтті.
«Біздің еліміз отбасы құндылықтарын қолдау саясатын ұстанады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында дарынды балаларды қолдауға, оқушыларды ерте кәсіби бағдарлауға ерекше назар аударды. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, қоғамдағы әйелдердің экономикалық және саяси ұстанымын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Әлеуметтік реформаларды ескере отырып, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жаңартылатын болады», деді А.Умаров.
2013 жылы Қазақстандағы Отбасы күні мереке болып бекітілді және қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі.