• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Технология 17 Қыркүйек, 2021

Инвестициялық сауаттылықты арттырумен айналысады

267 рет
көрсетілді

Технопарк VС School бағ­дар­ламасы арқылы отандық нарық­тағы венчурлік инвесторлардың жетіспеушілігі мәселесін ше­шуді жоспарлауда.

Қазіргі таңда Қазақстанда 5-7 вен­чурлық қор белсенді жұмыс істеу­де. Бұл ретте стар­таптардың инвес­тицияларға қажеттілігі ұсыныстан асып түседі.

«Қазақстанда отандық венчурлық инвестициялау саласы әлі қалыптасу сатысында. Бұл бағытты дамыту ынталандыруды қажет етеді. Сондай-ақ жеке венчурлік инвесторлардың құзыреттерін де дамыту қажет», дейді Astana Hub басқарушы директоры Аркадий Селезнев.

Жыл сайын Қазақстанда IT саласында жаңа стартап жобалар саны өсуде. Атап айтқанда, бүгінгі таңда еліміздің ең ірі технопаркі Astana Hub резиденттері сапында 500-ден астам стартап бар, ал жалпы алғанда, Astana Hub-тың түрлі бағдарламалары арқылы 2018 жылдан бастап 10 мыңнан астам адам өтті. Жастар перспективалы бағытта даму, икемді жұмыс кестесі және пікірлестер командасымен жұмыс істеуді ұнатады.

Әрбір стартаптың дамуындағы маңызды кезең – қаржыландыруды тарту. Инвестициялар пайдалану­шылардың нақты мәселелерін шешу үшін IT-өнімді жақсартуға, пайда­ланушылар базасын ұлғайтуға және бола­шақта қажетті пайда алуға көмек­теседі. Инвестициялар команданың жала­қысын, әкімшілік және басқа шы­ғындарды төлеуге мүмкіндік береді.

Инвестициялық сауаттылық дең­гейін арттыру және стартаптарды дамыту үшін қолайлы орта құру мақ­сатында Astana Hub тұрақты негізде VC School оқыту курсын өткізеді. Мәсе­лен, биыл 28 қыркүйекте Алма­ты­да мектептің бесінші легі басталады, онда табысты венчурлік инвес­торлар және бизнес-періштелер стартаптар мен IT-компаниялармен инвестициялау дағдылары туралы өз білімдерімен бөліседі.

Бағдарлама венчурлік инвес­ти­циялардың негізгі мәселелерін, сала трендтерін, заңдық аспектілерді қам­тиды.

Жалпы, өткен төрт ағым ішінде Astana Hub қазірдің өзінде 116 кәсіп­керді, жаңадан бастаған инвесторларды және ірі компаниялардың басшыларын инвестициялау дағдыларына үйретті. Биылғы білім беру курсына қатысуға 180-нен астам өтінім алынды, қазіргі уақытта олардың өтінімдеріне скрининг жүргізілуде.

 

«Егемен-ақпарат»