• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 19 Қыркүйек, 2021

Қоғамдық кеңес құрамы жаңарды

719 рет
көрсетілді

Өткен жұма күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде заңнама талабына сәйкес жаңа қоғамдық кеңес құрылды.

Кеңес құрамына Прези­дент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының президенті Ерлан Әбіл, Мә­жіліс депутаты Айдос Са­рым, М.Нәрікбаев атын­дағы ҚазГЮУ ректоры Тал­­ғат Нәрікбаев және Мұ­рат Әбенов, Исидор Бор­чаш­вили, Марат Бәшімов, Кә­кімжан Бишманов, Айнұр Сәбитова, Мэлс Семғалиев, Ербол Өстеміров сынды қо­ғам қайраткерлері мен бел­сенділері кірді. Қоғамдық кеңестің төрағалығына ашық сайлау арқылы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төр­ағасы Дархан Қыдырәлі сайланды.

Отырыста атап өтіл­ге­нін­дей, жаңа заң талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес енді нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын және азаматтардың өтініштерін олардың қоғамдық маңызына қарай өздігімен алып, қа­растыра алады. Сонымен қатар жергілікті деңгейде құқық қорғау органдары басшыларының есептерін тыңдауға, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік субъектілердің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі кон­курстық комиссияларына қатысуға құқылы. Яғни қо­ғам өкілдері агенттік қыз­ме­тінде болып жатқан бар­лық үдерістерге белсенді тартылатын болады.