Президенттің Жолдауы – мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық жоспары. Бұл құжаттан қоғамның әр мүшесі өзінің болашағына бағдар және міндеттеме алады.
Президенттің кезекті Жолдауын қашанда қалың көпшілік, оның ішінде кәсіподақ мүшелері де асыға күтеді. Президент еліміздің әлеуметтік дамуы, тұрғындарының табысы, жұмыс орындарының сақталуы, халықтың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі тоқталып, басты мәселелерге назар аударды. Жолдау еліміздің болашақ дамуымен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңалықтың болатынын көрсетті. Әсіресе, Жолдауда экономикамен қатар, мәдени, рухани дүниені де қатар көтеру қажеттігін атап өтілді.
Бүгінде барлық дүние, азық-түліктен бастап, тұтыну заттарына дейін едәуір есе қымбаттап кетті. Бұл халықтың жанына қатты батуда. Қазір күнкөрісі төмен санаттағылар ғана емес, кәсіппен шұғылданып отырғандар да қиналып отыр. Бұл мәселені де еңсеруде Жолдауда нақты тапсырмалар берілді.
Жолдаудың орындалуы бізге не береді деген сұраққа жауап іздесек, ол Президенттің 5 бастамасында айқын көрініп тұр. Олар, төменгі жалақының көтерілуі, салалық еңбекақылардың өсуі (бұл 600 мыңнан асатын адамды қамтиды). Сондай-ақ тұрғын үй алу мен ауыл шаруашылығын дамыту, субсидия беру мәселелері анық көрсетілді.
Жолдауда балаларымызды мамандық таңдауға, ғылымды, педагогика мен медицинаны, энергетика мен ауыл шаруашылығын, ІТ-технологияларын білуге, оқуға бағыттау керектігі айтылды. Келешегің кемел болу үшін білім алу ауадай қажет болса, елімізге жаңашыл жас мамандар да сондай қажет.
Берік КӨПБАЙҰЛЫ,
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ
Нұр-Сұлтан қалалық филиалының қызметкері