• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанға көрсетілетін қаржылық көмекті жоғары бағалады

152 рет
көрсетілді

Женевада өткен конференция қорытындысы бойынша донорлар ауғандықтардың қажет­тіліктеріне миллиард дол­лардан астам қаражат бөлу­ге уәде берді. Бұл БҰҰ сұраған сомадан екі есе дерлік көп.

Конференция қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген БҰҰ басшысы Антонио Гутерриштің айтуынша, кездесу ойдағыдай өткен. Оның жұмысына БҰҰ-ға мүше 96 елді қоса алғанда, 156 тарап, сондай-ақ 33 халықаралық және өңірлік ұйым мен 22 ҮЕҰ қатысқан.

«Халықаралық қоғамдастық ортақ пікірде: қазір Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсету үшін барлық күш-жігерді жұмылдыру керек», деді Гутерриш.

БҰҰ басшысының айтуынша, ауған экономикасын қолдау және оның құлдырауын болдырмауға көмектесу керек. «Өздеріңіз білетіндей, үлкен қауіп бар, Ауғанстанда қолма-қол ақша жетіспейді», деді ол.

БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ-ның «Талибан» қозғалысынан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) екі құжатпен (біріншісі талибандар гуманитарлық операцияларды жүргізуге кепілдік береді, ал екін­ші­сі – гуманитарлық қызметкерлердің қауіп­сіз­дігін қам­тамасыз ету туралы) жазбаша мін­дет­те­мелер ал­ғанын растады.

«Біз «Талибан» қозғалысының халықаралық қо­ғам­дастықпен ынтымақтастыққа деген қызығу­шы­­лығын көріп отырмыз, яғни халықаралық қо­ғам­­дастықтың ықпал ету тетігі бар», деп сөзін то­лық­тырды Антонио Гутерриш.