• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қыркүйек, 2021

Өңірлік дағдарыс орталықтарын дамытады

244 рет
көрсетілді

Verum Foundation қоры дағдарыс орталықтарын қолдау, оларды жоғары білікті психологиялық және заң көмегін көрсету желісі бойынша аймақтарда дамыту жөніндегі республикалық жобаны жүзеге асыруда.

Бұл жоба Qolda 3.0 жедел кө­мек бағдарламасы аясында «Шеврон» компаниясы, Орта Азия-Еуразия қоры және «Заң та­лабы» қоғамдық қорымен әріп­тестікте іске асыры­луда. Жобаны «Қазақстандағы тең құқық пен тең мүмкіндік инс­­титуты» қоғамдық қорының пре­зиденті және өңірлік дағдарыс орталықтарының се­рік­тесі Мар­гарита Өскембаева қолдады.

Аталған жоба COVID-19 пандемиясынан болған карантин кезінде Қазақстандағы әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының артуына байланысты жауапты шара ретінде қолға алынды. Жо­баға дағдарыс орталықтарының қызметкерлері, психологтер мен заңгерлер қатысады. Олар зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетудің тиімді технологияларын үйренеді. Атап айтқанда, психологтер «Психологиялық мәселелердің барлық түрлерін шешуге арналған авторлық Genesis экспресс-пси­хотерапиялық бағ­дар­ламасынан өтеді. Бұл тәсіл пси­хологтерге психологиялық жарақат алған­нан кейін психологиялық дағ­дарысқа ұшыраған ересектерге, жасөспірімдерге және балаларға дер кезінде көмек көрсетуге мүм­кіндік бермек. Аталған әдіс пси­хо­логиялық, физикалық, жы­ныс­тық зорлық-зомбылыққа ұшы­раған адамдарға көмектеседі.

Қор зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізетін ұйымдармен танысу, қатысушыларды ынталандыру және жобаның мақсаттарын талқылау мақсатында жуырда Ыстықкөл жағалауында оқыту турын ұйымдастырды. Топпен бірге Маргарита Өскембаева мен өңір­лік дағдарыс орталықтарының бас­шылары да қатысып, жоба тре­­нерлері Genesis экспресс-пси­хо­­­терапиялық тәсілі бойын­ша ше­берлік сабақтар мен психо­ло­­гиялық мәселелердің барлық тү­рін шешу үшін тренинг-интенсив өткізді.

Жоба тренері Жанар Даненова оқу нәтижелерін бөлісіп, зорлық-зомбылық құрбандарына көр­се­тілетін қызметтердің сапасын жақ­сарту мақсатында дағдарыс ор­талықтарының психологтері мен заңгерлерінің біліктілігін арт­тыр­ғысы келетіндерін жеткізді. Сон­дай-ақ шеберлік сабақтарға қатысу­шылар экспресс-тәсілдің мүмкіндіктерімен таныса алды. Бір сеанстан кейін олар өздерін жылдар бойы мазалаған жағымсыз эмоциялар мен тәжірибелерден арыла алды. Genesis тәсілінің қан­ша­лықты мақсатты және жеңіл түр­де психотерапиялық интервенция өт­кізе алатыны – таңғаларлық нәтиже.

«Бағдарламаға қатысқаныма қуаныштымын. Мұнда оқығаным және бастан кешіргенім біздің қор моделімен тығыз байланысты: біз қиындыққа тап болған отбасылармен, зорлық-зомбылықтың құрбаны болған ересектермен және балалармен айналысамыз. Осы тәсілдің көмегімен біз адам­дарға проблемаларын өз беттерімен шешуіне ықпал ете аламыз» деді тренингке қатысушы, алматылық «Береке» қорының жетекшісі Бағдаш Сүлейменов.

Оқыту туры барысында Мә­жіліс депутаты Ирина Смир­но­вамен кездесу өтті, онда аймақ­тық дағдарыс орталықтарын дамыту мәселелері талқыланды.

Verum Foundation қоры қоғам­ның әлеуметтік-психоло­гиялық сауығуына ықпал ету мақ­сатында құрылған. Сонымен қатар қор өз алдына психологиялық денсаулық индустриясын дамыту және пси­хологиялық көмекті дәріптеу мін­деттерін қойып отыр. Қордың не­гізгі қызметі – ха­лық­қа және пси­хологтерге білім беру, психология, психотехнология, психиатрия және басқа да бай­ла­нысты пәндер бойын­ша маман­дан­дырылған кәсіби курс­тар өткізу.