Грузияның бұрынғы Президенті Михаил Саакашвили қазан айында жергілікті өзін-өзі басқару сайлауына оралу туралы уәдесін орындайтынын мәлімдеп, қолдаушыларын билікті өзгерту үшін көбірек белсенділік танытуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Саакашвили бұған дейін қазан айында жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға оралу ниеті туралы мәлімдеді. Грузия билігінің өкілдері болса, Саакашвилиді шекарадан өткеннен кейін бірден ұстайтындықтарын бірнеше рет хабарлаған.
«Мен, әрине, айтқанымды орындаймын, бірақ егер грузин халқы белсенді болмаса, Миша ештеңе істей алмайды. Мұның бәрінің өз қисыны бар. Сондықтан әрекет етуге санаулы күн қалды», деді Саакашвили өзінің Facebook парақшасында.