• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2021

Адам саудасының құрбандары әлеуметтік қолдауды қажет етеді

208 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Әлеуметтік қызметтер үйінің мәжіліс залында Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында азаматтардың және өзге де адамдардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек, азаматтық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» тақырыбында талдамалық баян­дамасының таныстырылымы өтті.

Аталған баяндама Мемлекет бас­шысының, халықаралық және ұлттық сарапшылардың оң бағасын алып, Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясының жәрдемімен қазақ, орыс және ағыл­шын тілдерінде басылып шықты.

Таныстырылымға Президент жанындағы Адам құқықтары жө­ніндегі комиссияның төрағасы Игорь Рогов, Алматы қаласы әкі­­мі­нің орынбасары Мақсат Қи­қымов, Орталық Азиядағы Халы­қара­лық көші-қон ұйымы үйлес­тірушісі­нің міндетін атқа­рушы Евгений Хон, Алматы қаласы Полиция де­­партаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов қа­тысты.

Игорь Рогов өз сөзінде баян­да­маның маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдардың адам сау­дасына қарсы күрес саласындағы және дағдарыс орталықтарын, сондай-ақ барлық санаттағы трафик құрбандарына, әсіресе, Қазақстанда уақытша жүріп-тұратын, еліміздің аумағында адам саудасының құр­баны болған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көр­сету саласындағы өзара іс-қимыл тетік­терін нығайтуға ерекше назар аударды.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының айтуынша, қазіргі кезде баяндаманы Президент құптап отыр. Ендігі кезекте тапсырма берілгеннен кейін тиісті органдар бұл ұсыныстарды орындайтын болады. Осы орайда Қылмыстық Кодекске тиісті толықтырулар ен­гізу, өкілетті органдар жұмысын үйлестіруді күшейту, адам саудасы құрбандарын анықтау мен күрес жүргізудің ұлттық механизмдерін жетілдіру, адам саудасына қарсы тұратын жеке заң қабылдау, сонымен бірге қолданыстағы заңнамаға әлеуметтік қызмет көрсету бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД елдері және ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттермен әріптестікті нығайта түсу сияқты маңызды мәселелер жұмыс тобының басты назарына алынған.

Адам саудасы құрбандары­ның құқығын мемлекеттік тұр­ғыда қорғаудың өте маңызды екен­дігін атап өткен жұмыс тобы­ның жетекшісі, комиссия хатшы­сы Тастемір Әбішев аталған баян­даманың Қазақстандағы адам саудасына қарсы күрес, адам саудасына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және анықтау тиімділігін арттыру, сонымен бірге еліміз аумағында адам саудасы мен мәжбүрлі еңбектің құрбандары болған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, барлық адам­ға арнаулы әлеуметтік қызметтер көр­сету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында дайындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, елімізде атаулы әлеуметтік көмек 2016 жыл­дан бастап адам саудасының құр­бандарына көрсетіліп келеді. Алай­да түрлі себептермен Қазақстанға уақыт­ша келген еңбек мигранттары адам саудасының құрбаны бол­ғанда атаулы әлеумет көмек алмайды. Осы орайда АҚШ, Норвегия, Щвейцария мен Голландия елде­рінің тәжірибелерін негізге алған Тастемір Әбішев адам саудасына қатысты заң қабылдаған Грузия, Литва, Эстония, сонымен бірге Түркіменстан мен Армения елде­рінің көрсеткіштеріне тоқталып өт­ті. Әзірге Қазақстанда мұндай заң жоқ. Қазақстан 2008 жылы Палермо хаттамасын ратификациялаған. Хаттамаға қатысушы мемлекеттер елінде тұрғылықты және уақытша тұрып жатқан шетелдік азаматтарға мүмкіндігінше арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі қажет. Статистика бойынша 3 жылда 1100 қылмыс тіркелген. Осы қылмыс түрімен айналысқаны үшін 242 адам сотты болған. Дегенмен Қазақстанда бұл қылмыс түрі жылдан-жылға аза­йып келеді.

Баяндаманы талқылауға комис­сия мүшелері мен сарапшылар Ви­талий Воронов, Зүлфия Байсақова, Салтанат Сыздықова, Нәзира Асыл­бекова, Әлия Белоносова және Жұмажан Жолдасбеков қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Таныстырылым барысында Қазақстан ратификациялаған ха­лық­аралық шарттардың норма­ларына сәйкес қауқарсыз еңбекші миг­ранттар мен барлық санатта­ғы адам саудасы құрбандарының құқық­тарын қорғау саласындағы ұлттық заңнама мен құқық қолда­ну тәжірибесіне талдау, уәкілетті мемлекеттік органдардың қызме­тін бағалау жүргізіліп, Конститу­ция нормалары мен халықаралық ­стан­дарттарға сәйкес адам сауда­сы құр­бандарының азаматтық, әлеу­меттік-экономикалық, еңбек жә­не мәдени құқықтарын қорғау тетік­терін одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты қа­дамдар атап өтілді.

Баяндаманы таныстыруға мем­­лекеттік және құқық қор­ғау ор­ган­дарының өкілдері, ғалым­дар, ҮЕҰ және дағдарыс орталық­та­рының, білім беру, денсаулық сақ­тау және мәдениет, бизнес сала­сы­ның мамандары қатысты.

 

АЛМАТЫ