• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қыркүйек, 2021

Қазақстандықтар үстел теннисінен Азия чемпионатын жеңіспен бастады

174 рет
көрсетілді

Катардың астанасы – Дохада үстел теннисінен ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатының шымылдығы түрілді, деп жазады Egemen.kz.

Командалық жарысты Қазақстанның ерлері сәтті бастады. Құрамында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Ирисбек Артукметов сынды сайыпқырандары бар жерлестерміз Ирактың ойыншыларын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. Іле-шала Мальдив аралдарынан айласын асырды – 3:1. Одан кейін Иорданияның тас-талқанын шығарды – 3:0.

Еліміздің әйелдер құрамасы Бангладеш және Шри-Ланкамен шеберлік байқасты. Бұл бәсекелерде Қазақ елі намысын Сарвиноз Миркадирова, Анастасия Лаврова, Зәуреш Ақашева және Әнел Бақыт қорғады. Екі кездесуде де жерелстеріміздің үстемдігі еш күмән туғызған жоқ – 3:0.

Естеріңізге сала кетейік, топтық турнирде тек бірінші орын алған комадалар ғана келесі айналымға өтті. Бұл кезеңде бізді Жапония, Оңтүстік Корея, Гонконг, Сингапур, Үндістан, Иран және Тайпей секілді мықты командалар күтіп тұр.