• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қыркүйек, 2021

Алматыда 4546 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды

89 рет
көрсетілді

Алматыда қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиынның басты мақсаты – 9 айдың қорытындысы бойынша жасалған талдау нәтижелері негізінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты алдын алуға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін одан әрі арттыру бойынша тиісті шара қабылдау болды. Жиын барысында Алматы аудандарында жүргізілген жұмыстар мен заңсыз әрекеттер бойынша қабылданған шаралар туралы есептер тыңдалды.

Белгілі болғандай, Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 11 жалпықалалық жедел-профилактикалық іс-шара өткен.

Комиссия отырыстарында кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін түрлі фактілер бойынша 247 материал қаралды. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде (22.00-ден кейін) және тұрғын үй-жайлардың сыртында (23.00-ден кейін) түнде заңды өкілдерінің еріп жүрмегені үшін 4546 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылды. 26 ата-анаға ата-ана құқығынан айыру түріндегі төтенше шара қолданылды. 252 ата-ана бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Кәмелетке толмаған 473 бала қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жатқызылды. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекция, мәліметінше, қала бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 2,6% төмендеген.

Сондай-ақ отбасы қиын өмірлік жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарға психологиялық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылады. Ержан Бабақұмаров жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ҮЕҰ-мен ынтымақтастықты күшейтуді тапсырды.

Сонымен бірге кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты қылмыстың алдын алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмыс аясын кеңейту мүмкіндігі қаралатын болады.