Алматыда Тұңғыш Президент саябағының жанындағы қараусыз қалған кафенің жазғы алаңы жанып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
«30 қыркүйекте сағат 19:44-те Алматы ТЖД күштері мен құралдары Бостандық ауданында, әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысында (Үлкен Алматы өзенінің бойында) жұмыс істеуде. «Бунгало» қараусыз қалған кафесінің жазғы террасасы өртеніп жатыр», деп хабарлады қалалық ТЖД.