• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Қазан, 2021

Алматыда ағаш цехынан өрт шықты

219 рет
көрсетілді

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі өртті сөндіруге 11 техника мен 30 адам жұмылдырылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Өрт Алмалы ауданы Райымбек даңғылы, 348/3 мекенжайында болған.

«Өрт сөндірушілер 6 минутта келді. Ол кезде бір қабатты ағаш цехының (бояу бөлімі) төбесі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің таралуы жапсарлас орналасқан ғимараттың төбесіне қауіп төндірді. Өртті сөндіруге 11 техника, жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 16 минуттан кейін ауыздықталды», деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндірушілер тауар-материалдық құндылықтарын өрттен аман алып қалған.