• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Қазан, 2021

Елордадағы ботаникалық бақта дуатлон сайысы өтіп жатыр

116 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов әуесқой дуатлоншылар арасындағы сайыстың ашылуына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Ұшқындап жауған қарға қарамастан, елорданың ботаникалық бағына жиналған дуатлон жанкүйерлері әуесқойлар арасындағы қалалық жарысты тамашалауда. Солардың арасында ҚР Прмьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов та болып, сайысты ашты.

«Осындай күн райына қарамай, жарысқа келген әуесқой спортшыларға, оларды қолдау үшін жиналған жанкүйерлерге алғыс айтамын», деді вице-премьер.

Жарысты ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл шара ашық аспан астындағы триатлон маусымын түйіндейтін сайыс болмақ.

«Бүгінгі дуатлон жарысына 150 адам қатысып жатыр. Олар жасы бойынша 18-29, 30-39, 40-49 және 50-ден жоғары деп төрт санатқа жіктелген. Сондай-ақ, әйелдер мен ерлер бөлек-бөлек сынға түсіп жатыр. Дуатлонның бірінші кезеңінде 5 шақырымға жүгіреді. Одан кейін велосипедке мініп, 20 шақырымды еңсеріп, қайта 2,5 шақырым жүгіреді. Бұл жарыс ашық аспан астындағы триатлон маусымын қорытындылайтын жарыс десе де болады. Жарыс жүлдегерлеріне спорт жарақтары сыйға беріледі. Оның үстіне медальдер табысталады. Жарысқа кілең әуесқойлар қатыспы жатыр», деді Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясының бас хатшысы Арман Бәженов.