• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қазан, 2021

Қара түтін алматылықтардың үрейін ұшырды

137 рет
көрсетілді

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, бүгін таңғы сағат 06:44-те өрт сөндіру тобы Алмагүл ықшам ауданы, Бостандық ауданы Дружба көшесіндегі №38 үйге аттанған, деп жазады Egemen.kz.

«Алғашқы өрт сөндіру бригадалары келгенде жеке тұрғын үйдің бірінші қабаты жанып жатқан, жалын шатырға өте бастаған. Жалынның жақын маңдағы көрші үйлерге таралу қаупі болды. Өрттің жылдам таралуына ағаш қаптама, жанғыш жылуұстағыштар әсер еткен. Газ-түтіннен қорғау қызметінің үш тобы тез арада барлау жүргізді.  Көршілес үйлерді қорғауға және өртті сөндіруге қажетті құралдар берілді, шатырды сөндіру үшін өрт баспалдағы орналастырылды», деп хабарлайды Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент өрттің 07:38-де оқшауланғанын, 08:00-де сөндірілгенін хабарлады. 

Зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге тоғыз техника мен 30-дан астам жеке құрам жұмылдырылған.