• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2014

Жасампаздық жаршысы

497 рет
көрсетілді

Жылқы жылы жағымды жаңалықпен есік ашты. Олай деуіміздің мәнісі бар. Бұл Президентіміз  Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауы болатын. Елбасымыздың әрбір Жолдауында жалпақ жұрттың игілікті қадамы, асқақ бастамалары, үкілі үміті жатыр. Әрі сол үміттері қапысыз ақталып та жүр. «Мәңгілік  Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол», деген Президентіміздің лебізінен зор әсер алдым. Қазақтың «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деген даналығы бар. Біздің ата-бабаларымыздың басты арманы Тәуелсіздік болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. «Білікті мыңды жығарын» өмірдің өзі дәлелдеуде. Өркениетті елдердің қатарына енуді мұраттаған біздің елімізде білім алу жақсы жолға қойылған. Президентіміздің 2016 жылдан бастап студенттердің шәкіртақысын арттыру, жастардың орта техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендірілген жүйеге көшіруді қарастыру қажет деген тапсырмасы өскелең буынға деген әкелік қамқорлық десек, жарасымды. Сондай-ақ, Жолдауда Елбасымыздың «Қазақстан геологиялық барлау саласында әлемдік нарыққа шығуы, мұнай мен газ өндірудің мүмкіндігін айқындауы керек» деуі көпшіліктің көкейіндегісін дөп басты. Не істеу керек? Жұмыр әлемді осындай сауал билеген тұста  Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміздің болашағын  дәл көрсетіп берді. Оған Жолдаудағы: «Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылудағы ұмтылысымызды екі кезең арқылы жүзеге асыру қажет. І кезең 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Онда ХХІ ғасыр «мүмкіндіктер терезесін» пайдаланып жаңғырту серпілісін жасау керек», деген сөздер дәлел. Өркениет көшіне аршынды қадаммен алға басқан елімізде бұған толық негіз қаланған. Мұндай ахуал біздің Сыр өңіріне де тән. Шағын және орта бизнесті дамыту Президентіміздің қашанда тұрақты назарында. Кәсіпкерлерге түрлі жеңілдіктер жасалып, қаржылай қолдау көрсетілуі кәсіп иелерінің өз ісіне деген сенімін нығайта түсуде. Мені, әсіресе, Жолдаудағы ауыл шаруа­шы­лы­ғында бизнесті дамыту, жерді тиімді пайда­лануға кедергі келтіретін тосқауылдарды жою, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық бағытқа көшуін қамтамасыз ету жайы қатты толғандырды. Ауылдың өркендеуі Қазақстанның өркендеуі. Олай болса, дала перзенттерінің тұрмыс-тіршілігі мұнан да гөрі жақсара түсеріне дау жоқ. Самұрат ИМАНДОСОВ, облыстық мәслихат депутаты, «Рза» АҚ-тың президенті. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы. 
Соңғы жаңалықтар