• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қазан, 2021

Әлеуметтік қолдау жақсарады

266 рет
көрсетілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сенат қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда көзделген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі жаңалықтар туралы айтты.

Вице-министр бұл заң мү­ге­дектігі бар адамдардың құқық­тарын қамтамасыз ету және тұр­мыс сапасын жақсарту жө­ніндегі 2025 жылға дейінгі ұлт­тық жоспарды орындау шең­бе­рінде мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балаларды тәр­­биелеп отырған отбасылар, ең­бек ардагерлері және өзге де са­нат­тарды қоса алғанда, аза­мат­тардың жекелеген санат­тарын әлеуметтік қорғау мәсе­лелері жө­ніндегі заңнаманы же­тіл­діру мақ­сатында әзірленгенін атап өтті.

Е.Әукеновтің айтуынша, құ­жатта мүгедектіктің себе­біне қарамастан, I топтағы мүге­дек­тігі бар адамдарға күтім жа­сай­тын азаматтарға берілетін жәр­демақыны енгізу қарастырылған.

«Қазіргі уақытта I топтағы мүге­дектігі бар 66 мың адамның әрбір үшіншісі күтім жәрдем­ақысымен де, жеке көмек­шінің қызметтерімен де қам­тамасыз етілмеген. Заңды қабыл­дау нәтижесінде сыртқы қам­қор­лыққа мұқтаж 24 мың адам күтім бойынша жәрдемақымен қосымша қамтылады», деді вице-министр.

Бала денсаулығының бұзылу және тіршілік әрекетінің шектелу дәрежесін ескере отырып, заңда 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу көзделеді. Бұл шара көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік кө­­мекті, оның ішінде балалар ау­­­руының дәрежесіне қарай жәр­­дем­­ақылардың мөлшері бөлі­­гінде саралауға мүмкіндік береді.

Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін ұлғайтылады. Бұл шара 30 мыңнан астам мү­ге­дек­тігі бар балаға қатысты болады.

Сондай-ақ заңда мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша жәрдем­ақыларды бір мезгілде алу құ­қы­ғын беру көзделеді. Бұл асыраушысынан айырылған және құрамында мүгедектігі бар балалары бар отбасылардың табыс деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажы­рас­қан кезде бір мезгілде алименттер мен мүгедектігі бойын­ша жәрдемақы ала алады.Сон­дай-ақ ата-анасының біреуі немесе екеуі (асыраушысы) қайтыс болған жағдайда, бала мүгедектігі бо­йынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады. Осы норма енгізілген жағ­дайда 2 мың бала мүгедектігі бо­йынша жәрдемақымен қатар (мөлшері 41 163-тен 48 023 тең­геге дейін) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәр­демақыны ала алады (мөл­шері 12 063-тен 29 500 теңге­ге дейін)», деп түсіндірді Е.Әу­кенов.

Жұмыс берушінің міндет­те­мелерін орындау мүмкін бол­ма­ған жағдайда, еңбек жарақа­тынан мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен оңалтудың техникалық құралдарымен (бұдан әрі – ОТҚ) және қыз­мет­терімен қамтамасыз ету заңның тағы бір жаңашылдығы болып саналады.

Қазіргі уақытта жұмыс бе­руші – жеке кәсіпкердің қызметі тоқ­­татылған немесе заңды тұлға таратылған жағдайда бұл мін­деттемелер мемлекетке өтеді. Бұл ретте мүгедектігі бар аза­мат­тар кәсіпорынның қызметі уақытша тоқтатылған (әрекет­сіздік) кезеңінде немесе 1,5 жыл­ға дейін созылуы мүмкін бан­кроттық рәсімдерін жүргізу кезінде ОТҚ алу мүмкіндігінен айыры­лады. Осы кезеңде өнді­ріс­те мүгедектік алған адам оңал­тудың техникалық құралда­рынсыз қалады. Бұл шара 2 мың­ға жуық адамды оңалтудың тех­никалық құралдарымен және қыз­меттерімен уақтылы қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар құжатта мүгедектігі бар балаларды тәр­биелеп отырған отбасылардың балалары кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді.

«Іс жүзінде мұндай отбасылар тұрғын үй кезегінде 10 жыл­ға дейін тұрады. Егер бала 18 жасқа толғанға дейін тұрғын үй алу мүмкін болмаса, онда мүге­дектігі бар азамат кезекке қайта тұруға мәжбүр. Бұл норма 20 мыңнан астам отбасына тұрғын үй кезегін сақтауға мүмкіндік береді деп болжануда», деп атап өтті вице-министр.

Бұдан басқа, заңда мүге­дектігі бар балаға күтім жасау кезеңін 18 жасқа дейін ұзарту көз­делген. Бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсерін тигізеді.

Сондай-ақ табысы аз отба­сылардың балаларына кепіл­дік беріл­ген әлеуметтік топ­та­ма беруді Әлеуметтік қыз­мет­тер пор­та­лына ауыстыру қарас­ты­рылған.

Арнаулы әлеуметтік қыз­мет­тер көрсетудің тиімділігі мен атау­лылығын арттыруға бағыт­талған өзге де нормалар қосым­ша енгізілді.

Сөз соңында Е.Әукенов бұл заң халықты әлеуметтік қор­ғау жүйесіне оң әсер ететінін жә­не шамамен 400 мың қазақ­стан­дықтың құқықтарын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.