Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 43 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
6 қазандағы дерек бойынша, елімізде коронавирустан 37, пневмониядан 6 адам көз жұмды.
8 қазандағы мәлімет бойынша, 54 850 адам коронавирус инфекциясынан (–47 407 + және 7 443 КВИ-) емделіп жатыр:
9 469 пациент стационарда, 45 381 науқас амбулаториялық деңгейде.КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
717 адамның жағдайы ауыр, 207 пациенттің жағдайы өте ауыр, 136 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.