• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қазан, 2021

Биржадағы береке

335 рет
көрсетілді

Елордада IV Субконтракт биржасы өтті. Оны QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы ұйымдастырды. Оған машина жасау, тау-кен металлургия, химия, мұнай, жеңіл және басқа да салалардағы 100-ден астам отандық тауар өндіруші қатысты. 

Биржаның мақсаты – жер­гілікті қамту үлесін ұлғай­туға, отандық бизнесті дамытуға және олардың ішкі нарықтағы әлеуетін ашуға жәрдемдесетін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіру және жет­кізу мәселелері бойынша ко­операциялық байланыстар­ды жолға қою үшін тапсырыс беру­шілер мен өнім ұсыну­шы­лар арасында тиімді кездесулер ұйымдастыру.

Индустрия және инфра­құры­лымдық даму министр­лі­гі Индустриялық даму коми­теті төрағасының орынба­сары Олжас Сапарбековтің ай­туын­ша, осы жылдың бірінші жар­тыжылдығында ведомство 25 ұзақ мерзімді шарт пен кәсіпкерлікті ынталандыру туралы 40 келісім жасауға көмектескен.

– Жүргізіліп жатқан жұмыс­тар қазірдің өзінде оң нәтиже беріп жатыр. Мәселен, бірінші жартыжылдықта реттелетін сатып алу нарығы субъектілері мемлекеттік сатып алудың 54,8 пайызын иеленіп, 8,9 трлн теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып ал­ды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 4,8 пайызға жоғары, – деді О.Сапарбеков.

QazIndustry қазақстан­дық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төраға­сының орынбасары Айдар Кәкімжановтің айтуын­ша, QazIndustry келісім­шарт­тар жасасуға және жергі­лікті қамтуды дамытуға жәрдем­десетін іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп келеді.

– QazIndustry бастама­лары­ның арасында отандық өн­діру­шілер үшін үлкен ма­ңыз­ға ие жеткізушілерді дамыту қызметін атап өткен жөн. Бұл – Дүниежүзілік банкпен бір­лескен жоба. Аталған жоба ая­сында 43 жеткізуші аккре­дит­телген. Олардың 123 млн тең­гесі өтелді. Өнімді жет­кізуге қатысты 9 меморан­дум жасал­ды. Жасалған келісім­шарт­тар сомасы – 3,9 млрд теңге. Жоба аяқталуға жа­қын. Біз оны одан әрі кеңей­туді жоспарлап отырмыз, – деді А.Кәкімжанов.

Биылғы субконтракт бир­жа­­сының қорытындысы бойын­ша бірқатар ірі компа­ния­­лармен отандық тауар өн­діру­­шілер арасында жергі­лік­ті қамтуды дамыту бойынша ын­тымақтастық туралы мемо­рандумдарға қол қойылды.

Еске сала кетейік, субконтракт биржасын өткізген төрт жыл ішінде аталған алаң әлеуетті тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің өзара іс-қимылының тиімді құралына айналды.