• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Қазан, 2021

«Мектепке жол»: 20 мыңнан астам оқушыға көмек берілді

305 рет
көрсетілді

Мұқтаж жандарға көмек көрсету, балаларды, көпбалалы отбасыларды қолдау бүгінде алматылықтар тарапынан жүзеге асып жатқан қайырымды істердің қатарында. Қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг­те «Мектепке жол» акциясының қорытындысымен таныс­тырды.

Жалпыреспубликалық акция аясында әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылар­дың балаларына көмек көрсету, әртүр­лі әлеуметтік салдарға бай­ла­нысты балалардың мектепке келмей қалу жағдайларын анық­тау жұмыстары әрі қарай да жал­ғасын табады. Осы орайда Қ.Жұманов эпидемиялық жағдай­дың сақталуына байланысты «Мектепке жол» дәстүрлі акция­сын өткізу платформа арқылы жыл бойы жалғасатынын жет­кізді. Көмекке мұқтаж ата-ана­лар, сонымен бірге қолдау көрсете­мін деген демеушілер мен меценат­тар www.atamekenim.kz сайтында өтініштерін қалдыра алады.

Қазіргі уақытта әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 22 142 оқушыға 774 млн 970 мың тең­ге бюджет қаражаты есебі­нен көмек көрсетілді. Ал акция­ға қолдау білдірген Алматы қаласының меценаттары 9 022 оқушыға 123 млн 399 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. Басқарма басшысы­ның орынбасары сонымен бірге қазіргі кезде  жаппай оқыту қоры тарапынан 1-11-сынып оқу­­шы­лары үшін тегін тамақ ұйым­дастырылғанын атап өтті. Бұл мақ­сатқа жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып, қала мектептеріндегі 24 мыңнан астам оқушы қамтамасыз етілген.