• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2021

Ерекше балаларды елегендер

288 рет
көрсетілді

Қарағандының іргесіндегі Пришахтинск елді мекенінде Atlant спорттық-сауық­ты­ру орталығы ерекше қажет­ті­ліктері бар адамдардың да спортпен айналысуына баса мән береді. Мысалы, мұндағы қолайлы пандус, лифт, тұтқалар, арнайы кө­тергіштер, санитарлық арбалары бар дәретхана және жуынатын бөлмелер мүм­кіндігі шектеулі адамдарға арналып жасалған.

Таяуда аталған орталықта «Отзыв» қоғам­дық қорының көмегімен денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бөлме ашылды. Оның іші даму, қарым-қатынас және пайдалы дағдыларды игеру үшін қажетті құрал-аспаптармен жабдықталған. Енді, ерекше балалар жүзу, бокс, таэквондо, еркін күрес, ММА, стретчинг, кикбоксинг сияқты спорт түрлерінің үйірмелеріне жазыла алады. Айта кететін бір жайт, мұнда мүгедек ба­лалар мен ересектерге тегін қатысуға мүм­кіндік қарастырылған. Сонымен қатар спорт кешенінде мүгедектер арбашасына таңылған адамдар үшін барлық жағдай жасалыпты. Шағын және үлкен бассейндерде сырғып кетпейтін жолдар бар, адамды суға түсіруге көмектесетін ар­найы механикалық «крандар» орнатылған.